Ұлттық спортымыз ұлықталды

Ұлттық спортымыз ұлықталды

Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай қызметкерлер арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және қызметкерлер арасындағы бірлік пен командалық рухты нығайту болды.

Бағдарлама аясында қатысушылар әртүрлі спорттық сайыстарда өзара бақ сынасып, ептілік пен төзімділіктерін көрсетті. Ұлттық ойындарға ерекше мән беріліп, қатысушылар белсенділік танытты.

Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.

Аталған іс-шара қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын арттырумен қатар, ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow