Ұлттық дүниетаным – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы
Киіз үй – ықылым заманнан бері қазақтыңмақтанышы, құтты қонысы, берекелі баспанасы. Талай батырлар мен билердің, ақындар мен даналардың кіндік қаны тамған қасиетті шаңырақта осы киіз үй еді. Ол халқымыздың қуанышы мен қайғысына куә болып, ұлт тарихының ажырамасбөлігіне айналды.
Осы орайда, Жамбыл облысы, Тараз қаласыәкімдігінің Білім бөлімінің балалардың жазғыдемалысы мен еңбекпен қамтылу жұмысынжандандыру, балалардың қызығушылығынарттыру, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасызету, кәмелетке толмағандар арасындағықұқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындабекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025–2026 оқу жылында Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы жанынан ашылған «Киіз үйлі» лагері жобасы аясында түрлі жұмыстар жүргізілді.
Қазақ халқының сан ғасырлық мәдениеті мен рухани мұрасын дәріптеуді мақсат еткен бұл шара балалардың ұлттық құндылықтарға, салт-дәстүрге және әдет-ғұрыптарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Сонымен қатар жасұрпақтың туған жерге, туған елге дегенсүйіспеншілігін қалыптастыруға ерекше көңілбөлінді.
Іс-шараның басты көркі – қазақ халқының бағажетпес мұрасы саналатын киіз үй болды. Сондықтан киіз үйді таныстыру арқылы оқушылархалқымыздың тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен және мәдени ерекшеліктеріменжақынырақ танысты.
Шара барысында оқушылар ұлттық киімдердітаныстырып, олардың ерекшеліктері мен тәрбиелікмәні туралы мағлұмат берді. Қазақтың ұлттықойындары мен эстафеталық жарыстарыұйымдастырылып, балалар белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Сондай-ақ, ұлттық билербиленіп, қазақ халқының өнері мен мәдениетідәріптелді.
Іс-шара аясында топтық жұмыстар жүргізіліп, қазақы дастархан көрмесі ұсынылды. Оқушыларұлттық тағамдардың түрлерін таныстырып, олардың жасалу жолдары мен маңыздылығытуралы мәліметтер берді. Сонымен қатар салт-дәстүрлерге байланысты сахналық көріністерқойылып, халқымыздың бай мұрасы кеңіненнасихатталды.
Бұл жоба балалардың ұлттық сана-сезімінқалыптастыруға, ата-баба мұрасын құрметтеугежәне ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлесқосты деп білеміз.
Оқушылар ұлттық мәдениет туралы білімдерін толықтырып қана қоймай, өз халқының тарихы мен дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімдерін нығайтты.
Мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор өткен бұл күнлагерь тәрбиеленушілерінің жадында жарқын әсерқалдырып, ұлттық рухты асқақтатқан ерекшемерекеге айналды. «Киіз үйлі» лагері жобасыаясында ұйымдастырылған бұл тағылымды шара ұлттық тәрбиені дәріптеудің жарқын үлгісі болды.
Киіз үй – қазақтың қара шаңырағы, ұлт рухының айнасы. Шаңырағы биік елдің – рухы биік. Ұлттықдүниетанымды сақтайық, ұлттық болмысымыздыжоғалтпайық!
Жұлдыз Арықбаева, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Лагерь басшысы
Сіздің реакцияңыз қандай?