Қазақстанда туризмге тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

Қазақстанда туризмге тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт саласының үздік өкілдерін марапаттауға арналған «Үздік – 2025» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Қазақстанда туристік ағынның өсуі байқалғанын мәлімдеді. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша елімізге туристік мақсатта 12,1 млн шетел азаматы келген. Олардың 8,6 млн-ы елде бір тәуліктен астам уақыт болған шетелдік туристер ретінде жіктелген. Орналастыру орындарының қызметін 1 млн шетелдік және 6,7 млн ішкі турист пайдаланған, бұл сырттан келген туризм мен ішкі туризмнің тұрақты өсімін көрсетеді.

Ведомство деректеріне сәйкес, елімізде бір мезгілде 243,5 мыңнан астам жатын орынға есептелген 4 499 орналастыру нысаны жұмыс істейді. Қонақ үйлер мен өзге де орналастыру нысандарының жиынтық табысы 268 млрд теңгеге жетіп, өңірлердегі іскерлік белсенділік пен туристік тұтынудың артқанын көрсетті.

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсіп, 923 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар елдің 20 өңірінде 147 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл салаға жеке және институционалдық капиталдың жоғары қызығушылығын дәлелдейді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow