Жамбылда жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды

Зауыт қуаттылығы бойынша еліміздегі екінші орындағы кәсіпорын.

Жамбылда жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды

            Жобаға «Алель Агро» акционерлік қоғамы 19,8 млрд теңге инвестиция салып, іске асырды.

          «Алель Агро» АҚ-ның Жамбыл филиалы – еліміздегі құс шаруашылығы саласында жетекші орын алатын кәсіпорындардың бірі. Негізгі бағыты – бройлер тұқымды құстардың етін өндіру және қайта өңдеу. Компания толық өндірістік циклді жүзеге асырады: балапандарды инкубациялаудан бастап, құсты өсіру, ет өндіру және дайын өнімді нарыққа шығару кезеңдерінің барлығын қамтиды.

          Кәсіпорынның қазіргі қуаты – жылына 10 мың құс еті. Қазіргі таңда зауыт басшылығы өндіріс көлемін ұлғайту және тиімділікті арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізіп, өндірістік инфрақұрылымды енгізіп келеді.

          «Алель Агро» АҚ-ның Жамбыл филиалы 2019 жылы жұмысын бастады. 2020 жылы жылына 10 мың тонна өнім өндіретін ет өңдеу зауыты ашылды.

          2021 жылы – жалпы қуаты 10 мың тонна болатын екі бройлер құс фабрикасы, ал 2022 жылы – жылына 84 мың тонна құрамажем өндіретін зауыт іске қосылды.

2023 жылы – жылына 13,5 млн тәуліктік балапан шығаратын заманауи инкубатор пайдалануға берілді.

          Жыл соңына дейін қуаты 4 600 тонна болатын үшінші құс фабрикасының пайдалануға берілуі күтілуде (инвестиция көлемі – 2,6 млрд теңге).

          Бұдан бөлек, жалпы қуаты 26 мың тонна болатын екі жаңа құс фабрикасының құрылысы басталады (инвестиция көлемі – 13 млрд теңге). Пайдалануға беру мерзімі – 2027 жыл.

          Сондай-ақ 2028 жыл – қуаты 28 000 тонна болатын тағы екі фабриканың құрылысы басталады (инвестиция көлемі – 13,6 млрд теңге).

          2028 жылдың соңына дейін өндіріс көлемі 59 000 тоннаға артып, кәсіпорынның жалпы қуаты жылына шамамен 69 000 тонна құс етіне жетпек және облыстағы жалпы ет өндірісін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

          Өндірісте әлемдік жетекші компаниялардың заманауи жабдықтары қолданылады. Барлық технологиялық үдерістер халықаралық стандарттардың талаптарына толық сәйкес жүзеге асып, бұл өз кезегінде өнім сапасының тұрақтылығын және өндірістік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

          Жалпы облыста құс шаруашылығы бағытында 3 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде құс еті өндірісі бойынша жылдық нақты қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайтын екі кәсіпорын («Әулие-Ата Феникс» ЖШС, «Алель-Агро» ЖФ АҚ), ал жұмыртқа өндіру бағытында қуаттылығы жылына 60 млн дана болатын бір кәсіпорын («Аса-Даму» ЖШС) қызмет атқаруда.

          2025 жылдың 9 айында өңірден 3 327,4 тонна ет және 421 тонна шұжық өнімдері экспортталды. Оның ішінде: сиыр еті – 675,1 тонна, қой еті – 1 188,7 тонна, жылқы еті – 0,3 тонна, құс еті – 1 721,5 тонна (Қырғызстанға), малдың ішкі өнімдері – 760,9 тонна.

          Өнімдер Қырғызстан, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран және Германия мемлекеттеріне экспортталды.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow