Жамбылда Президент жолдауының бағыттары қалай жүзеге асуда?
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауында негізгі 7 бағытты айқындап өтті.
Көлік-логистиканы дамыту аясында:
§ Өңірлердің көлік байланысына қатысты мәселемен айналысу;
§ Көлік жүйесін басқарудың жаңа үлгісін жасау;
§ Жыл соңына дейін көліктің барлық түрін ескере отырып, бәсекеге қабілетті тариф саясатын әзірлеу;
§ Жасанды интеллектіні қолдана отырып, тасымалды басқарудың кешенді, көпбейінді цифрлық платформасын енгізу;
§ Автокөлікпен жүк тасымалдауға арналған шекара маңындағы қызмет сапасын жақсарту;
§ Туризм саласын дамыту тапсырылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту бойынша:
§ «Ақылды қала» тұжырымдамасын енгізу;
§ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының меншік мәселесін шешу;
§ Тұрғын үй құрылысы, Су секторында Ұлттық және біртұтас цифрлық платформаларды құру;
§ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында жұмыстарды ары қарай жүргізу;
§ Мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін барлық білім мекемелерінде Экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізу тапсырылды.
Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 15,4 млрд.теңге (РБ - 6,5 млрд.теңге, ОБ - 3,9 млрд.теңге, арнайы мемлекеттік қоры есебінен - 5,0 млрд.теңге) қарастырылды. Нәтижесінде, ауылдық елді мекендерді сумен қамту 98,7%-дан және қалаларды сумен қамту 96,4%-дан жыл қорытындысымен 100% қамтамасыз етілетін болады.
Газдандыру аясында облыста 35 елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда, оның 9-ы биыл газбен қамтылады (16,7 млрд.теңгеге 14 жоба). Нәтижесінде, газбен қамту деңгейі 91,8%-ға жеткізіледі (тұрғындармен есептегенде, 2024 ж. - 91,3%).
Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралі, Қаратау мен Жаңатас қалаларындағы орталық қазандықтар қайта жаңғыртудан өтіп, Тараз қаласындағы М-3 жылу желісінде жаңғырту, 15 мөлтек ауданындағы жылу желісінде кеңейту жұмыстары басталуда. Нәтижесінде, 2025 жылы жылу желілерінің тозу деңгейін 53%-ға дейін төмендету жоспарлануда (2024-54%).
Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың қозғаушы күші болуға тиіс. Осы бағыт аясында:
§ Кәсіпкерлерді қолдау жүйесін Интеллект арқылы реттеу орталығы құрылады;
§ заңнаманы жеңілдету және жүйелеу;
§ мемлекеттік органдарды сервистік үлгіге көшіру,
§ жаңа салық мәдениетін қалыптастыру,
§ даму институттарын күшейту,
§ мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту бойынша жұмыс жүргізіледі.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 323,3 млрд. теңгені (106,1%). Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 107,8 мың бірлікті, онда жұмыспен қамтылғандар саны - 163,5 мың адам құрады.
Цифрландыру дәуірінде адами капиталды дамыту
§ Білім беру саласына мектеп оқушыларына жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу;
§ Инновациялық саясаты Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына беру;
§ Дарынды зерттеушілерді қолдау, білікті мамандарымызды елге қайтару;
§ Бірыңғай цифрлық көші-қон есебін енгізу және өңірлерден көші-қон ағынының себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізу;
§ Аймақтардағы әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіру;
§ Зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын қарастыру;
§ «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жұмыстарды ары қарай жүргізу;
§ Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйені қалыптастыру;
§ Мәдениет және спорт салаларын дамыту тапсырылды.
Алдағы уақытта облыстың стартегиялық және бюджеттік жоспарлау саясаты Жолдауда айқындалған осы міндеттерді орындауға бағытталатын болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?