Жамбылда 4 жылда 62 жоба жүзеге асады
Жамбыл облысында алдағы 4 жылда 62 инвестициялық жоба іске асып, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір өңірде 26 зауыттың құрылысы басталып кетті. Олардың арасында елімізде алғаш ашылып жатқан кальцийленген сода, натрий ционидін сынды өнім шығаратын кәсіпорындар бар. Jambylmedia.kz хабар агенттігінің тілшісі Сарысудың сайын даласында бой көтерген зауыттардың құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.
Кальцийленген сода өндіретін елдегі алғашқы зауыт Сарысу ауданында салынып жатыр. Кәсіпорын басында 500 мың тонна өнім шығарып, кейін қуаттылығын екі есе арттырады. Жобаны қолға аған Түркиялық инвестор құрылысқа 800 млн доллар салған. Қазір жұмыстың 50 пайызы аяқталды. Өндіріс 2026 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі.
««Негізгі өнім — калцийленген сода. Алдағы уақытта бұл өндіріс бейорганикалық, химия
кешенін құруға және терең өңдеуге бағытталған жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын іске қосылғанда 400 жаңа жұмыс орны ашылады. Біз алдымен Қазақстан нарығын өніммен толық қамтамасыз етіп, қалғанын экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Мұнда ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтимыз. Осында жатып жұмыс істеу үшін шағын қалашық та салып жатырмыз», деді – «Qazaq Soda» ЖШС директоры Юсуф Джейлан.
Кальцийленген сода металлургияда, тамақ, тоқыма, химия өнеркәсібі, сондай-ақ тұрмыстық химияда
кеңінен пайдаланылады. Бұдан бөлек, Сарысу ауданында «ЕвроХим» компаниясы 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыш шығаратын химиялық зауыт салып жатыр. Кәсіпорында кемінде 1 200 жұмыс орны ашылады. Мұнда жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы мен тағы 4 түрлі химиялық өнім шығады.
«Өнімдер біріншіден ішкі нарықты қамтиды. Бірақ біздің көлем ішкі нарықтың сұранысынан да көп. Сондықтан шет елдерге шығару жоспарымызда бар. Атап айтқанда мына Оңтүстік Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка және Қытайға экспорттайтын боламыз», – дейді «Еврохим-Қаратау» ЖШС Бас директорының орынбасары Болат Абдуалиев.
Ал Талас ауданында натрий ционидін өндіретін кәсіпорын өнідірісін екі есе арттырып жатыр. Зауыт жылына 30 мың тонна өнім шығарып, жұмысшылар санын 1 мыңға дейін жеткізбек.
«Әріптесіміз «ТСС» компаниясы Қытайдан қондырғының барлығын әкеліп қойып, іске қосып оқытып беріп кететін болады. Қазақстанның, тек өзіміздің мамандарымыз жұмыс жасайды. Қоршаған ортаға ауаға ешқандай зияндылығы жоқ, таза қалдықсыз өндіріс болады», – деді "Talas Investment Company" ЖШС директорының орынбасары Әбдіғали Жүнісов.
Жалпы аймақта 26 инвестициялық жобаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы бірнеше жылда тағы 36 зауыт салынады.
Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?