Жамбылда дәрі бағасы 35%-100% қымбат

Жамбылда дәрі бағасы 35%-100% қымбат

Жамбыл облысының дәріханаларындағы дәрілер өз құнынан 35%-ға қымбат сатылып жатыр. Тіпті өз бағасынан екі есеге асырған фарм нысандар бар. Мұны облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері дәрі бағасына қоғамдық бақылау жүргізу барысында анықтады.

 

Олар жыл басынан бері өңірдегі 2 900 дәрінің сауда бағасын салыстырып көрген. Қорытындысында 15 дәрілік препараттың бағасы шекті бағасына сәйкес болмай шықты дейді. Айталық Энап, Конкор Кор, Ципролет, Эуфиллин, Папаверин, Супрастин, Омез, Эритромицин, Трихопол және Фурагиннің бағасы тым қымбат. Дәрі-дәрмек әсіресе облыс және аудан орталықтарындағы шеткері аудандарда шектен тыс қымбат. Кеңес мүшелері дәрілерді өздері сатып алу ақылы баға бағамын есепке алып жүр. Енді оның қорытындысын Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдамақ.

 

ЕСЕМБЕК ОШАҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ: 

Жамбыл облысында 440 дәріхана бар екен. Оның 227-сі Тараз қаласында, қалғаны 168-і біз аралаған 8 ауданда. Мысалы 2 мыңның дәрісін 2 жарым мыңға аласыз ғой. Енді жалпы орташа алғанда 25-30 процентке дейін қымбат. Қай уақытта болсын біз осы жұмысты жалғастырамыз. Әр дәріханаға кіріп, дәріні бақылау жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Тек қана қоғамдық кеңес жұмыс істемеу керек, уәкілетті органдар өздері де бақылау жұмысын жүргізіп отыру керек. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow