Жамбыл облысында туризмнің дамуы қарқынды

2025 жылы Жамбыл облысында туризм саласында жалпы құны 5,8 млрд. теңгені құрайтын 9 нысан ашылатыны айтылды. Ал бүгінгі беталысы қалай? Өңір туризімін түлететін нысандар жайына тоқталып өтсек.

Жамбыл облысында туризмнің дамуы қарқынды

Бүгінде 6 нысан іске қосылды:

- Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі «Ежелгі бекініс қамалы» тарихи кешені;
- Тараз қаласындағы «Аструм» жабық аквапаркі;
- Байзақ ауданындағы «Жібек Жолы» жол сервис кешені;
- Байзақ ауданындағы «Керуен» жол сервис кешені;
- Жамбыл ауданындағы «Арзан сити» жол сервис кешені;
- Шу ауданындағы «Еламан» демалыс орталығы.

Жыл соңына дейін, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған тағы 3 туристік нысан іске қосылады.


Ағымдағы жылы іске қосылатын туристік нысандар:

- Талас ауданындағы «Рахат-ай» мұз айдыны;
- Т. Рысқұлов ауданындағы «Этноауыл» демалыс орталығы;
- Шу ауданындағы «Шу Мұнай өнімдері» жол сервис кешені.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow