Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі өңірлік коалиция құрылды

Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі өңірлік коалиция құрылды

Жамбыл облысында Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі өңірлік коалиция құрылды. Құрамында өңірдегі 5 жетекші саяси партия төрағалары, еңбек ұжымдары, заңгерлер мен азаматтық қоғам өкілдері бар. Енді 53 адамнан тұратын коалиция мүшелері аймақ бойынша  ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді. Референдум қарсаңында тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен  кездеседі. Бұл бағытта «Amanat» партиясының жанынан 318 адамнан тұратын 12 штаб құрылды. 

АЙНҰР КЕЛІМБЕТОВА, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазіргі таңда барлық 5 саяси партия бірігіп, жаңа коалиция құрылып, осы конституциялық реформаны түсіндіру, халыққа жеткізу және Референдумға өз үлестерін қосу бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Біз біріксек алынбайтын асу, қамал болмайды. Біздің бағындыратын белестеріміз болмайды. Сондықтан біз бірге жұмыс жасауға әрқашан да дайынбыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow