Депутат: "Заңдар заманға сай өзгеріп отыруы тиіс"

Депутат: "Заңдар заманға сай өзгеріп отыруы тиіс"

Бүгін Республикалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жамбыл облысының аудандарын аралап, тұрғындармен пікірлесті. 

 

Мәжіліс депутаттарынан тұратын топ алдымен Шу ауданындағы "Шу локомотив депосы"  мекемесінде темір жол саласының қызметкерлерімен кездесті. Теміржолшылар алдағы референдумды бірауыздан қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, коалиция мүшелері Қосқұдық орман шаруашылығына барып, аудан ардагерлерімен де кездесті.  Зиялы қауым өкілдерімен жүздескен Жаңа жол ауылының тұрғындары да  жаңа Ата заңды қабылдауды қолдайды. Олар 15 наурыз күні жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумға бір ауыздан қатысамыз деп отыр.

 

ГҮЛДАРА НҰРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

«Жаңа Конституция жобасы саяси жүйенің сәулетін қоғам сұранысына сай қайта жаңғыртатын болады. Ал біздің мақсатымыз Жаңа Конституция жобасын тұрғындарға түсіндіру. Жаңа Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Сондықтан баптар мен бөлімдер бойынша толық ақпарат беріп, пікір алмасып, барлық ұсыныстарды тыңдап, өте белсенді кездесулер өткізіп жатырмыз. Халықтың қолдауы қуантады. Ел іші "Заңдар заманға сай өзгеріп отыруы тиіс" деген пікір айтып жатыр. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow