Сотталғандар арасында спартакиада: үстел теннисінен жарыс өтті
№59 мекемесінде сотталғандар арасында жазғы спартакиада аясында үстел теннисінен жарыс өтті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазғы спартакиада бағдарламасы аясында сотталғандар арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Жарысқа мекеменің әртүрлі жасақтарынан қатысушылар қатысып, өзара шеберлік пен ептіліктерін сынға салды.
Тартысты өткен бәсекеде қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін байқатты. Әр ойын қызықты әрі тартысты өтіп, жанкүйерлердің қолдауына ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, оларға мекеме әкімшілігі тарапынан марапаттар табысталды.
Мұндай спорттық іс-шаралар сотталғандардың дене шынықтырумен тұрақты айналысуына ықпал етіп қана қоймай, олардың тәртіпті сақтауға, ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға және әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?