Шайдоров Қазақстанға тарихи алтын медаль әкелді

Шайдоров Қазақстанға тарихи алтын медаль әкелді

Михаил Шайдоров Миланда мәнерлеп сырғанаудан оқ бойы озып, елімізге алғашқы алтын сыйлады. Иә, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында  Михаил Шайдоров тарих жасап, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды, деп хабарлайды jambylmedia.kz хабар агенттігі. 

Шайдоров еркін бағдарлама қорытындысы бойынша 198.64 ұпай жинап, қысқа бағдарламамен қоса есептегенде 291.58 ұпаймен көш басынан көрінді. Сөйтіп мұз үстіндегі мұзбалақ ұл қазақ құрамасына Олимпиададағы алғашқы алтынды әрі  ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш алтынды алып берді. 

Ол менмін деген мықтының бірі –  америкалықты артқа тастап, жүзден жүйрік жапондықтарды жер қаптырды. 

Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаилды қысқы Олимпиада чемпионы атануымен құттықтады.

Енді елге келгенде Михаил Шайдоров Президен қолынан II дәрежелі «Барыс» орденін алмақ.    

 

Қуаныш Aрыстанбек –  jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow