Отбасы — өмірдің тірегі

Отбасы — өмірдің тірегі

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты N59 мекемесінде сотталғандардың психологиялық көмек алу құқығын іске асыру мақсатында «Отбасы – өмірдің тірегі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.

Кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Алпысбай Ләйла Алпысбайқызы қатысып, «Отбасы құндылықтары – жаңа өмірге бастар жол» тақырыбында дәріс және тренинг жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – сотталғандарға отбасының маңызын ұғындыру, бауырмалдық пен сыйластық қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтар негізінде ата-ананы құрметтейтін, елін сүйетін тұлға тәрбиелеуге бағыт беру.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow