"Маған да жан керек": кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова күйеуі туралы айтты
Қазақстандық танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова ақтарыла сұқбат беріп, жолдасы туралы сыр шертті. Кино саласының маманы отағасы барлық бастамаларын қолдап жүрсе де, аттамайтын белгілі бір шеңберлері бар екенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мамасарипова белгілі журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбатында жар таңдаудан қателеспегенін айтты. Продюсердің сөзінше, күйеуі оны көп жағдайда қолдап жүреді. Алайда кейбір өзіне ұнамайтын жайттар болғанда келіншегіне оны міндетті түрде айтып отырады. Кино саласының маманы жолдасының пікірін ескеріп отыратынын жасырмады. "Жар таңдаудан жолым болғаны рас. Бірақ ол оңай емес. Ол жас кезімізде қосылғанның арқасында деп ойлаймын. Өйткені ол менің барлық армандарымның куәсі. Екеуміз жасты болғаннан кейін менде одан сескену, аяқ тарту деген болмады. Мен оған барлығын айтатынмын. Бір нәрсені жасағым келіп тұрса, қарсылық білдірмейтін. Тек қолдап отырады. Ұнамаса "осымен айналыспай-ақ қойшы" деп айтады. Мен оны тыңдаймын. Ол кісі де, мен де оңтүстіктенбіз. Оның ішкі жан дүниесі қатты деуге болады. Сол себепті менің аттамайтын шеңберлерім өте көп. Маған да жан керек. Кейде тақырыптарға байланысты болуы мүмкін, кейде менің ортама қатысты болуы мүмкін. Менің ортамда жүрген адамдардың мінез-құлқына байланысты болуы мүмкін. Оны қатты шектеу деп айтуға болмайды. Ол маған пікірін айтады. Мен оның пікірін сыйлаймын. Сол тақырыпта өзімді тежеуге тырысамын. Мені көбі сырттан қатал деп ойлап жатады. Шынына келгенде мен ондай емеспін. Бәрібір ішім жылы адамммын", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?