Мәдени іс-шара ұйымдастырылды
№59 мекемеде сотталғандарға арналған концерттік бағдарлама өтті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде сотталған азаматтарға арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған шара аясында Ы. Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің әншілері арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық және лирикалық бағыттағы әндерді орындады. Кеш барысында өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған шығармаларын тарту етті.
Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың рухани дамуына ықпал ету, мәдени ортаға бейімдеу және қоғамға оң көзқарасын қалыптастыру. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Сіздің реакцияңыз қандай?