«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында қандай жобалар бар?
Жамбыл облысының Шу ауданында орналасқан «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы бүгінде еліміздегі ең ірі өндірістік және инвестициялық орталықтардың біріне айналып отыр. Мұнда жалпы құны 972,4 млрд тенгені құрайтын 24 ірі жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 4 397 жаңа жұмыс орны ашылады.
Қазіргі таңда 7 жоба толық іске қосылып, өнім өндіруде. Олар:
· глифосат өндірісі;
· полиэтилен құбырлары мен шлангтар шығару;
· пластмасса втулкалар өндірісі;
· аммоний бифторидін өндіру;
· өндірістік үй-жайлар құрылысы;
· пластификацияланбаған ПВХ құбырлары өндірісі;
· жел электр станцияларының бөлшектерін шығару.
7 жоба құрылысы белсенді жүріп жатыр, олардың ішінде:
· жүгері өңдеу зауыты – 50% (I кезеңі – 80%) орындалған;
· сутек асқын тотығын өндіру – 85%;
· өндірістік кремний шығару – 40%;
· тағамдық желатин өндіру – 85%;
· сэндвич-панель шығару – 20%;
· металлургиялық зауыт – 5%;
· натрий цианиді зауыты – бастапқы кезеңде.
Қалған 10 жоба жобалау сатысында.
«Jibek Joly» АЭА – өңірдің өнеркәсіптік қуатын еселеп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорт әлеуетін арттыруға және экономиканы әртараптандыруға серпін беріп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?