Елімізде 56 жасқа дейінгі азаматтар әскер қатарына қосыла алады

Елімізде 56 жасқа дейінгі азаматтар әскер қатарына қосыла алады

Жамбыл облысында 56 жасқа дейінгі тұрғындар өз еріктерімен әскер қатарына қосылып жатыр, деп хабарлайды jambylmedia.kz  порталы. Қорғаныс саласында қызмет етуге келгендерге тұрақты жалақы төленеді.  Бір қызығы бұл азаматтардың негізгі жұмысына кедергі келтірмейді. Олар әскери штабқа айына 3 рет барса болғаны. Офицерлік құрамда қызмет етуге ниеттілерге қандай талаптар қойылып отыр.  Бұл елімізде алғаш рет қолға алынған жоба  

Иә, Тараздағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік жаңа жұмыс ұсынғаны сол еді әскери нысан алдында адам қарасы көбейді. Оларға қойылатын басты талап -  әскери кафедраны бітірген не бұрын әскери резервте қызмет еткен болуы шарт. Келгендер арасында сан саланың мамандары жүр. Соның бірі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы –  Рахат Үсенов. Жасы 45-те болғаны қару ұстап, қатарға қосылуына кедергі емес.  23 жыл бұрын әскери  кафедраны аяқтаса, енді әскери салада қызмет етіп көрмек. 

РАХАТ ҮСЕНОВ, АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: "Бүгін азанда ғана қала тұрғыны болып осы жерге азаматтық сала маманы болып келген едік, 3 жылдық келісімшартқа резервтік әскери қызметке бүгін қазір ғана қол қойдық. + Әрине бұл бір жағынан тиімді айына 3 күн сабаққа келіп қосалқы табыс көзі де болады. + Күннен күнге Қазақстан армиясы жаңару үстінде сал мақсатта біздер енді бұрынғыны еске түсіру".

Биыл резервтегі 56  адам әскер қатарына алынбақ.  Бүгін соның 28-і келісімшарқа қол қойып, әскери киімдерін алды. Енді олар айына 3 рет оқуға келеді. Жылына бір рет әскери полигондағы оқу-жаттығуға қатысады. Яғни бір жыл ішінде 66 күн ғана жұмыс істеп, ай сайын 85 мың теңге жалақы алып отырады. 

БЕКЖАН НҰРСҰЛТАНОВ, «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ КАДРЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: "Запастағы офицерлердің негізгі жұмысынан олар жұмыстан шығарылмайды. Белгіленген уақытта жұмыс орындарына хат жолданған. Олар негізгі жұмысынан босатылып, бір күнге босатылады. Сол босатылған күндеріне бір айда 3 күн келетін болса, сол 3 күнге оларға өзінің белгіленген жалақысы төленеді".

Сондай-ақ олар әскери ұрыс қимылдарынан бөлек, барлау, медициналық көмек пен құқықтық даярлық бойынша дәріс алады. Ал келісімшарт  бірден 3 жылға жасалады.  Айта кетейік, резервтегілер де әскери шен алып, ішкі қызметтерге ауыса алады. 

 

Қуаныш Арыстанбек - jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow