№59 мекемесінде әйел қызметкерлерді құттықтады

№59 мекемесінде әйел қызметкерлерді құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай №59 мекемесінде әйел қызметкерлерді құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде әйел қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Мекеменің ер азаматтары ұжымдағы нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Олар әйел қызметкерлердің қызметтегі жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігін атап өтіп, мекеме жұмысына қосып жүрген үлестеріне алғыстарын жеткізді.

Мерекелік шара барысында әйел қызметкерлерге арнайы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Мұндай игі бастамалар ұжымдағы ауызбіршілік пен сыйластықты арттырып, әріптестер арасындағы татулықты нығайта түседі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow