Ұлттық жобалар іске асса – еңбек өнімділігі өседі

Жамбыл облысында ЖӨӨ өсімі нақты секторды дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл дегеніміз өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік секторы және көрсетілетін қызметтер саласын (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер және басқаларды) ілгерілтеу есебіне іске асады. Алдымен ауыл шаруашылығы саласын айтып көрейік...

Ұлттық жобалар іске асса – еңбек өнімділігі өседі

Еңбек өнімділігінің өсуі Ұлттық жобаларды дәйекті іске асыру, жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және сауықтыру, облыста етті құс шаруашылығын дамыту, азот - фосфор тыңайтқыштарын өңдеуді дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен озық технологияларды дамыту есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды ұлғайту, тұрғын үй, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу арқылы қамтамасыз етілетін болады (салалар бойынша жобалар төменде көрсетілген).

 

«Ауыл Аманаты» жобасы шеңберінде өңірде маркетингтік зерттеулер (скрининг) жүргізіліп, ауылдық елді мекендердің 138347 үй шаруашылығын табыс көзіне айналдыру, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын айқындау тұрғысынан талданды.

 

2019-2022 жылдары 24 ауылдық округте 18,3 млрд. теңгеге 4 мыңға жуық жоба қаржыландырылды. 2023 жылы облыстың 10 ауданында 38 ауданға 24 млрд. теңге. Бүгінгі таңда 13,3 млрд. теңгеге 2,3 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. 2024-2025 жылдары 91 ауылдық округте 45,5 млрд. теңгеге 17 мың жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

 

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі:

- ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға ұлғайту арқылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімін ұлғайту; мал мен құстың өсімі; пайдаланылмайтын егістік жерлерді айналымға тарту;

- «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру арқылы ауыл шаруашылығында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын азайту;

 

Облыста қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономика үлесінің төмендеуіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қатаңдату, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту, қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуал жасау, салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтаруға қарсы күрес, көлеңкелі экономиканың ең көп үлесі бар экономика салаларында көлеңкелі өндірісті қысқарту: сауда, ауыл шаруашылығы, көлік, жылжымайтын мүлікпен операциялар, өнеркәсіп жөніндегі нысаналы жұмыс нәтижесінде қол жеткізілетін болады.

 

Өңірде өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемін 2025 жылға дейін ұлғайту бойынша жоспарланған индикаторға қол жеткізу үшін                                                   ҚР Индустрияландырудың бірыңғай картасы бойынша 42 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде ірі жобалар:

2023 жылы жалпы құны 27,7 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылуы және 200 жаңа жұмыс орыны ашылуы жоспарлануда.

1. «АлельАгро» АҚ – «Жамбыл облысында құс еті шаруашылығын дамыту зауыты». Жобаның құны – 25600,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 135 мың тонна. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Байзақ ауданы).

        2. «Мол Даму» ӘКК – «Сүт және сүт өнімдерін қайта өндеу цехын салу» Жобаның құны – 300,0 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы – 7 мың тонна жылына. Жоба бойынша 20 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Жуалы ауданы).

        3. «KazGazBlock» ЖШС– «Автоклавты газдалған бетон өндіретін зауыт салу» Жобаның құны – 1298,5 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 100 мың текше метр жылына. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Байзақ ауданы).

       4. «Бахор» ЖК– «Сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу цехының құрылысы» Жобаның құны – 500,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 3600 тонн жылына. Жоба бойынша 30 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Меркенский район).

        2024 жылы жалпы құны 34,9 млрд. теңгені құрайтын                                  5  өнеркәсіптік-инновациялық жоба іске асырылуы жоспарлануда және 426 жаңа жұмыс орыны ашылуы көзделуде

        1. «Shagala Mining (Шагала Майнинг)» ЖШС - «Мойынқұм аудандағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу». Жобаның құны 29568,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 9072 тонна жылына. Жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орындары ашылады. (Мойынқұм ауданы).

        2. «Kazchemtrading»  ЖШС  – «Цемент зауытының құрылысы» Жобаның құны – 4500,0 млн. теңге.  Жобаның  жылдық  қуаттылығы   400  мың  тонна

жылына. Жоба бойынша 167 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Сарысу ауданы).

        3. «IMG Group» ЖШС – «Мақсары майы өндірісін құру» Жобаның құны – 120,0 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы – 360 тонна жылына. Жоба бойынша 8 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Жуалы ауданы).

        4. «Genesis» ЖК – «Қызанақ шырынын өндіру, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу, гидропоникада жасыл жем өндіру» Жобаның құны – 220,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы – Қызанақ 250 тонна, қияр – 375 тонна, қызынық шырыны – 35000 литр, жасыл жем – 250 тонна жылына. Жоба бойынша 18 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Жуалы ауданы).

        5. «Satellie GS» ЖШС– «Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы» Жобаның құны – 500,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 30 мың тонна құрамында алтын бар кен концентраты жылына. Жоба бойынша 33 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Мойынқұм ауданы).

        2025 жылы жалпы құны 501,3 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылуы және 2088 жаңа жұмыс орыны ашылуы жоспарлануда

        1. «Zhanashyr Project» ЖШС - «Мыс кені өндіру зауытын салу». Жобаның құны – 67260,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 12 мың тонна. Жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Шу ауданы).

        2. «Есаров» ЖШС – «Форель өсіретін шаруашылықты ұйымдастыру және консерві цехын салу». Жобаның құны – 141,5 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы – 67 тонна жылына. Жоба бойынша 12 жаңа жұмыс орындары ашылады. (Кордайский район)

        3. «Оргстрой» ЖШС – «Гипстен жасалған тағамдық қоспалар өндірісі» Жобаның құны – 220,0 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы – 20 мың тонна жылына. Жоба бойынша 13 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда (Жамбыл ауданы).

        4. «Туран Металс» ЖШС – «Құрамында алтын бар кенді бастапқы өңдеу бойынша өндірістік кешен салу» Жобаның құны – 440 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы – 100кг. жылына. Жоба бойынша 45 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда (Кордай ауданы).

        5.«Ferro-Polymetal Resources Group» ЖШС – «Ванадий және полиметалдар өндірісін құру» Жобаның құны – 891,6 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы – 110 мың тонна жылына. Жоба бойынша 51 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда (Жуалы ауданы).

        6.«Бастан-Эк» ЖШС – «Құрамында қорғасын бар кендерін өндіру зауыты». Жобаның құны – 1100,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 100 мың тонна. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Мойынқұм ауданы).

7. «Шоқпар - Гагаринское»  ЖШС  -  «Гагарин кен орнында тау-кен байыту  комбинатын  (кеніш,  алтын  өндіру  фабрикасы)  салу». Жобаның құны 21000,0 млн. теңге. Жобаның  жылдық  қуаттылығы  500  мың  тонна өндіру кен жылына. Жоба бойынша 400 жаңа жұмыс орындары ашылады. (Қордай ауданы).

          8. «Алтай Голд» ЖШС – «Флюорит кенін байыту зауыт». Жобаның құны – 3500,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 9 мың тонна кен. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда                      (Кордай ауданы).

          9. «Altek Mining» ЖШС – «Доре қорытпасын өндіру бойынша заманауи тау-кен байыту кешенін салу және пайдалану». Жобаның құны – 1000,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 30 мың тонна кен. Жоба бойынша                    32 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда (Мойықұм  ауданы).                  

         10. «Қарағанды – АгроИнвест» ЖШС – «Бақша дақылдарын, жемістер мен көкөністерді өңдеу» Жобаның құны – 20360 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 269,6 мың тонна жылына. Жоба бойынша 209 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Байзақ ауданы).

         11. «Dairy Fresh Farm» ЖШС – «Қуаттылығы 600 бас ірі қараға дейінгі сүт-тауарлы ферма салу» Жобаның құны – 3200,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 5,6 мың литр жылына. Жоба бойынша 30 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Байзақ ауданы).

        12. «Agro Green Technology» ЖШС – «Сүт және ет өнімдерін өндіру,                20 тонналық жасыл жем-шөп өндіруге арналған гидропоника құрылысын салу» Жобаның құны – 250,0 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы – 2000 тонна жылына. Жоба бойынша 12 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Тараз қ.).

         13. «Адель» ШҚ – «Балық шаруашылығын ұйымдастыру және консерві цехын салу». Жобаның құны – 100,0 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы                                   - 100 тонна жылына. Жоба бойынша 10 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Байзак ауданы).

        14. «Qazaq-Soda» ЖШС-і – «Кальцийленген сода зауытының құрылысы» Жобаның жылдық қуаты - 400 мың тонна. Жобаның құны – 188000,0 млн.теңге. Жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орындары ашылады. (Сарысу ауданы).

        15. «Максутова» ЖК – «Балық өндеу цехы» Жобаның құны – 250,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы – 200 тонна жылына. Жоба бойынша 10 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Мойынқұм ауданы).

       16. «Нурлы жай» ШҚ – «Сүт өнімдерін өндіру кешенін салу» Жобаның құны – 250,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы – 1800 мың литр жылына. Жоба бойынша 18 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Байзак ауданы).

        17. «Qazaq Bio Product» ЖШС – «3500 бас аналық ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын салу». Жобаның құны – 20800,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 37,5 мың тонна. Жоба бойынша 160 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Шу ауданы).

        18. «Talas Investment Company» ЖШС – «Натрий циандін өндіру жөніндегі зауттын салу 2 кезек». Жобаның құны – 25438,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 30 мың тонна. Жоба бойынша 250 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Талас ауданы).

        19. «КазМеталГрупп» ЖШС – «Магний және қорытпалар өндіретін комбинат салу». Жобаның құны – 144000,0 млн. теңге. Жобаның жылдық

қуаттылығы – 100 мың тонна. Жоба бойынша 200 жаңа                                        жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. (Талас ауданы).

        20. «Altyn El Group» ЖШС – «Толық циклді құс фабрикасы». Жобаның құны – 3141,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 2477 тонна. Жоба бойынша 45 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда (Жуалы ауданы).

 

Инновациялық дамуды қолдау

       - семинарлар, кеңестер, форумдар шеңберінде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері туралы;

      - бірыңғай индустрияландыру картасы аясында инновациялық жобаларды іске қосу;

     - инновациялық кәсіпкерлік саласына жеке инвесторларды тарту.

 

 

Ал агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қандай қолайлы жағдай жасалу керек?

 

Алдымен төмендегідей идикаторларға қол жеткізу керек. Атап айтқанда:

                                       2023-2025 жылдары:

- минералды тыңайтқыштар мен «қалдық» жерлерді (суару, дренаж, мелиорация және басқа да гидротехникалық іс-шаралар) пайдалана отырып, егіс алқаптарын жыл сайын орта есеппен 15 мың гектарға кеңейту;

- 10 мың га суармалы жерді енгізу (жыл сайын 2,0 мың га);                            қант қызылшасының ауданын 15 мың тоннаға дейін ұлғайту;

-асыл тұқымды табын үлесін (жыл сайын 0,1-1,5% - ға дейін) және асыл тұқымды шаруашылықтар санын (жыл сайын 1-2 бірлікке) ұлғайту;

- аудандарда және ірі елді мекендерде 6 бордақылау алаңын кеңейту және ұйымдастыру және үлгілік сою пункттерін салу;

- халықтың табысын арттыру және «алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобаларды іске асыру есебінен жыл сайын қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 20-25% - ға ұлғаятын болады;

Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инвестицияларды тарту есебінен 2025 жылға дейін микроқаржы ұйымдары, қаржы институттары және субсидиялау арқылы 27 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде ірі өндірістер: 

2023-2025 жылдары 74,1 млрд. теңге болатын 27 жобаны іске асыру жоспарланған, 944 жұмыс орындары құрылады.

2023 жылы 8,6 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылып 159 жұмыс орындары құрылады.

2024 жылы 48,8 млрд. теңгеге 15 жобаны іске асыру жоспарлануда,              693 жұмыс орындары құрылады.

2025 жылы 16,6 млрд. теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарлануда,                        92 жұмыс орындары құрылады.

Балық өсіру шаруашылықтарын құру және дамыту үшін жер учаскелерін резервке қою және беру:

- балық шаруашылығы шаруашылықтарының инфрақұрылымын құру, кеңейту және салу жөніндегі шаралар (ЖСҚ әзірлеу және электр беру желілерін жүргізу, жолдарды төсеу, газ-сумен жабдықтау, пирстерді орнату және т. б.);

- аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау;

- жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындары мен басқа да білім беру мекемелерінің базасында балық шаруашылығын оқытуды ұйымдастыру.

Жер жағдайының өзгеруін уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжау және ұсынымдар.

МЖК жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыруға қалай қол жеткізуге болады. Оның жолдары қандай? 

      Жаңа өндірістерді ашу, жұмыс орындарын құру және ірі және орта жеке кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыру есебінен нақты ақшалай кірістердің өсуін қамтамасыз ету;      

Кедейлік шегінен төмен тұратын адамдарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, оларды өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;

 Кооперативтердің, азық-түлік тауарларын өндіретін жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмысын жандандыру есебінен үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына шығындарын азайту.

Халықтың табиғи өсуі есебінен урбандалу деңгейін облыс орталығында, моно және шағын қалаларда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен инженерлік инфрақұрылымды дамыту есебінен ұлғайту;

        2022-2025 жылдары 83 743 жұмыс орындарын құру, оның ішінде 31 652 тұрақты, 52 091 уақытша. Жыл сайын 21900 жұмыс орны, оның 15300-і тұрақты, 6600-і уақытша.

Азаматтарды жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру (оның ішінде электрондық еңбек биржасы интернет порталының қызметтерін пайдалана отырып), әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындарын құру, жастар практикасынан өту және уақытша және маусымдық жұмыстарға жіберу;

Кадрларға болжамды қажеттілікке мониторинг жүргізу, еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету, бос орындар жәрмеңкелерін тұрақты өткізу;

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, аз қамтылғандарды, жұмыссыздарды және ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау;

Жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік желілерде және еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, БАҚ-та орындалған жұмыстар туралы мақала жариялау;

Үміткерлер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері және «Құтты мекен» АЖ-дағы мобильді қосымша арқылы «қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту;

Қандас мәртебесін алған азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасу, 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар алу, ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу) туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

Жаңа мекемелер ашу, жұмыс орындарын құру есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандар санының өсуін қамтамасыз ету.

 

 

Аймақта инфрақұрылымды дамыту мен тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру қалай жүргізілуде?

 

2030 жылға дейін неше мың ш.м. тұрғын үй салынады? Жоба мен жоспар қандай? Мемлекеттік мекемеден алынған ақпараттар мен сандарды сөйлетсек.

 

Азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында                2030 жылға дейін 5 848,2 мың ш.м. тұрғын үйді (1 152,0 мың ш. м. - көппәтерлі тұрғын үйлер салу, 4 696,2 мың ш. м. - жеке тұрғын үйлер салу) пайдалануға беру жоспарлануда. 2030 жылға дейін 1 152,0 мың шаршы метрден тұратын 256 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі (жылына 1920 пәтерге кемінде 32 көппәтерлі тұрғын үй).

2023 жылға тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 698,3 мың шаршы метр (оның ішінде 194,5 мың шаршы метр - көппәтерлі тұрғын үйлер,                  503,8 мың шаршы метр - жеке тұрғын үйлер салу).

2024 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 707,6 мың шаршы метрді құрайды (оның ішінде 138,3 мың шаршы метр - көппәтерлі тұрғын үйлер, 569,3 мың шаршы метр - жеке тұрғын үйлер құрылысы).

2025 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 717,0 мың шаршы метрді құрайды (оның ішінде 136,2 мың шаршы метр - көппәтерлі тұрғын үйлер, 580,8 мың шаршы метр - жеке тұрғын үйлер құрылысы).

2023-2030 жылдары 19 843 жер учаскесін инженерлік желілермен қамтамасыз ету және жеке құрылыс салу үшін жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша 186 жобаны іске асыру жоспарлануда.

 Облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға несие беру.

 Тұрғын үй сатып алуға несиелер беру 2021 жылы - 274 адам, 2022 жылы - 291, 2023 жылы – 193, 2024 жылы - 267, 2025 жылы - 250.

 «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру бойынша  2023 жылы қала құрылысы кадастрының сандық жоспарлы негізін құру үшін, елді мекендерінің құрылыс салынған аумағының инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелеріне толықтай (жер асты және жер үсті коммуникациларына) геодезиялық-топографиялық жұмыстары  жүргізілетін болады.

Бағдарламаның мақсаты құрылыс индустриясын цифрландыру шеңберінде,  Мемлекеттік  қала құрылысы кадастры ғимараттар  мен құрылыстарды, инженерлік-көліктік коммуникацияларды қоса жер бетінде, жер үстінде  және жер астында орналасқан барлық жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым обьектілері туралы мәліметтерді тіркеудің, сақтаудың және ұсынудың бірыңғай жүйесін қамтиды.

        Мемлекеттік  қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі сәулет, қала құрылысы, құрылыс жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етуге, инфрақұрылымға қолжетімділік, инженерлік коммуникацияларға қосылу мүмкіндіктері туралы халыққа және бизнеске қажетті ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow