Қордай ауданының құрылысына жауапты адам тағайындалды
Жәнетұлы Бауыржан Қордай ауданы әкімінің №101 ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Жәнетұлы Бауыржан 1993 жылғы 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
Білімі жоғары.
Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» мамандығы бойынша, Нархоз университетін «Экономика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ақпараттану, байланыс және технологиялар колледжін «Архитектура» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Ресей Федерациясындағы «Тюмень Пром Геофизика» мекемесінде геофизик болып бастаған.
2018–2021 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
2021–2022 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылғы шілде айынан бастап осы күнге дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келді.
Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?