Қайтарылған активтер қаржысына 15 нысан салынады

Қайтқан активте – қайыр бар. Биыл Жамбыл облысында қайтарылған активтердің қаржысы есебінен 15 әлеуметтік нысан бой көтереді. Бүгінде бұл бағытта 6,2 млрд теңге бөлініп, су станциялары қарқынды салынып жатыр.

Қайтарылған активтер қаржысына 15 нысан салынады

Соның бірі Өрнек және Жұма ауылына ортақ ауыз сумен қамту ғимараты. Станция құрылысы былтыр тамызда басталған болатын. Биыл қазан айында ел игілігіне берілмек. Әзірге құрылыс жұмысы 81%-ға аяқталған. Су станциясы арқылы тұрғындарға тіршілік көзі тәулік бойы беріледі. Құрылысына республикалық бюджеттен 1,8 млрд теңге, ал мемлекеттік қор есебінен 129 млн теңге бөлінген. Бұдан бөлек аймақта Президент тапсырмасына сәйкес елді мекендерді ауыз сумен 100% қамту жоспары қарқынды жүріп жатыр. 

«Ауылдар бойынша 98,1% ауыз сумен қамтылған. Қалалар бойынша 98%. Бүгінгі күнге 343 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бізде 24 елді мекен қалып отыр. Сол 24 елді мекеннің 20-сында су жүйесін жүргізу, төртеуінде кешенді блок модульдерін орнату жүргізілетін болады. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда» - деді облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow