Талас жағасы тазартылды

Талас жағасы тазартылды

«Таза Бейсенбі» акциясы аясында Жамбыл облысындағы «Аса» өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

 Экологиялық шараға «Amanat» партиясы Жамбыл аудандық филиал ұжымы, мәслихат депутаттары мен белсенді жастардан құралған 70 адам білек сыбана кіресті. Аталған жағалау аудан тұрғындары үшін табиғат аясында тынығатын демалыс орнының бірі. Бірақ бүгінгі акция барысында демалушылардың барлығы бірдей тазалық талаптарын сақтай бермейтіні байқалды. Өйткені айнала полэтилен қаптамалар мен  пластик ыдыстарға толы. Акцияға қатысушылар өзен бойынан 1,5 тоннаға жуық қоқыс жинап, арнайы техникамен полигонға жөнелтті.

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow