Президент Көктөбеде алматылықтармен кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда БҰҰ Бас хатшысымен келіссөздерден кейін оңтүстік астана тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды https://jambylmedia.kz/.
Мемлекет басшысы Алматының басты көрікті жерлерінің бірі – Көктөбе аумағында демалып жатқан алматылықтармен және қала қонақтарымен кездесті.
Кездесу кезінде түсірілген суреттерді президент баспасөз қызметінің "Bort N1" Telegram-арнасы бөлісті.
Еске салайық, кеше, президент Алматыда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жасасты. Кездесуде Гутерриш Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын ешқашан ұмытпайтынын айтты.
Кездесуден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барып, БҰҰ өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қойды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






