“Меркі” мемлекеттік табиғи паркi құрылды
Бұл бастама өңірдің бай табиғи мұрасын сақтауға, экологиялық тепе-теңдікті қорғауға және экотуризмді дамытуға зор серпін бермек. Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды
«Мерке» паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алды. 86 632 гектарды қамтитын аймақ Батыс Тянь-Шаньның тау етегі мен таулы аймақтарындағы бірегей экожүйелерді қорғауға бағытталған.
Парктің биологиялық әртүрлілігі ерекше бай: мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енген қар барысы, арқар, үнді жайрасы, қызыл қасқыр және Түркістан сілеусіні мекендейді. Соңғы жүргізілген санақ нәтижелері бойынша парк аумағында 8
Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі – табиғатты қорғау шараларын жүйелеумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, экологиялық ағартушылықты арттыруға және тұрғындар мен қонақтар үшін экотуризмді дамытуға мүмкіндік береді. Ол үшін тауға шығу, жаяу және атпен серуендеу, құстарды бақылау сияқты экотуристік бағыттар қарастырылуда.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, парк аумағында туристік соқпақтар, танымдық бағыттар мен демалыс аймақтары кезең-кезеңімен қалыптастырылып, табиғатты қорғау талаптары қатаң сақталатын болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






