Биыл Жамбылға 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

Биыл Жамбылға 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Президент өңірдегі бірқатар өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды аралап көрді. «Тараз» шағын индустриалдық аймағын да барды. 

Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды. 

Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған. 

Мемлекет басшысына облыстағы «Қазфосфат» серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар. 

Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. 

Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді. 

«Аймақтың даму жоспарымен таныстым. Жалпы, ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Биыл облысқа 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылып, 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 280-нен аса елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. Үш жылдың ішінде 13 мыңға жуық оқушыға арналған 37 мектеп салынды. Сондай-ақ 41 денсаулық сақтау нысаны ашылып, 50-ден астам спорт және мәдениет орталығы бой көтерді»,-деді Қ.Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow