Ауылдағы атыс: Оқ атқан екі адамға іздеу жарияланды

Жамбылда жастар арасында қарулы қақтығыс болып, 4 адам ауруханаға түсті. Оқиға кеше кешкі сағат 9:30-да Мойынқұм ауылында болды. Қазір 19, 22, 26 және 28 жастағы жарақат алған ауыл тұрғындары аудандық ауруханада жатыр.
Оларға ота жасаған дәрігерлер жағдайлары тұрақты деп отыр. Ал 28 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Рәзеңке оқ оның басына, кеуде қуысына және білегіне тиген. Сондай-ақ екі жамбасы бірнеше жерінен тесілген. Салдарынан сыртқа қан кету салдарынан 2 дәрежелі травматикалық шок алған. Полиция мәліметше, оқ травматикалық қарудан атылған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, 2 күдіктіге іздеу жарияланды. Желіге жарияланған бағыттама бойынша олар Алматы қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары. Оқ жаудырғандар оқиға орнынан екі “Toyota Land Cruiser ” көлігімен қашып кеткен. Оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






