Ауқымды жоба – алып құрылыс

Жүгеріні терең өңдеу бойынша Жамбыл облысы, Шу ауданында Орталық Азиядағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі жүзеге асуда. 

Ауқымды жоба – алып құрылыс

Жамбыл облысы бүгінде Орталық Азиядағы ең ауқымды өндіріс жобалары іске асырылып жатқан өңірге айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады», – деп атап өткен болатын.

Осы бағыттағы нақты нәтижелердің бір көрінісі – Шу ауданыңдағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының қарқынды дамуы.

Мұнда әлемге танымал қытайлық Fufeng Group компаниясы 1,5 миллиард АҚШ доллар көлемінде инвестиция құйып, жүгеріні терең өңдейтін Орталық Азиядағы ең ірі зауыттардың бірін салып жатыр. 

Ауқымды жоба екі кезең бойынша жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында ғана басталған алып құрылыстың жұмысы қарқынды жүруде. Қазірдің өзінде бірінші кезеңнің 80 пайызы орындалған.

Жұмысшыларға арналған жатақхана мен асхана, кеңсе және қойма ғимараттары, сондай-ақ жылу электр орталығы және тағы басқа өндірістік нысандар бой көтеруде. 

Зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жыл сайын 3 миллион тоннаға дейін жүгері өңделіп, 1500 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бұл кәсіпорынның ерекшелігі – қалдықсыз технология. Табиға таза жолмен өндіреді. Жүгеріден алынған шикізаттан аминқышқылдары, крахмал және глюкоза өндіріледі, ал қалдықтары мал азығына пайдаланылады.

 

Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow