Қоңыртөбеде көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде

Жобаның жалпы құны 2,1 млрд теңгені құрайды.

Қоңыртөбеде көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде

 

          Жамбыл ауданының Қоңыртөбе ауылында заманауи көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде.

          Қойма 12 мың тонна көкөніс өнімін сақтауға қауқарлы. Бұл бастамаға Солтүстік Қазақстан облысының тиімді тәжірибесін енгізу мақсатында мемлекет тарапынан 995 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

          Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асуда. Нысан 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

          Нысанда орнатылатын қондырғылар Голландия, Италия және Ресей Федерациясынан сатып алынуда. Және де жобаның ерекшелігі ол голландиялық технология бойынша еден асты арқылы вентиляция жүйесін қолданатын облысымыздағы бірінші қойма болып табылады.

          Жоба іске асқанда 8 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

          Аталған қойма өңірде көкөніс сақтау және өткізу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен сақталу мерзімін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow