Жамбылда жаңа жел электр станциясы салынып жатыр
Жамбыл облысында жаңа жел электр станциясы салынып жатыр. Мойынқұм ауданында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 1Гвт станция құрылысы былтыр басталған болатын.
4 жылдық жобаға франциялық инвестор 600 млрд теңге қаржы құйып отыр. Жасыл энергия көзін өндіретін нысанда 150 адам жұмыспен қамтылатын болады. Айта кетейік, алдағы 3 жылда өңірде 3,5 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба жүзеге аспақ.
Ұлдана Жұбай - jambylmedia.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?