Жамбылда 1 млн тонна минералды тыңайтқыш шығарылмақ

Жамбылда 1 млн тонна минералды тыңайтқыш шығарылмақ

 

          Жамбыл облысында «ЕвроХим» ЖШС «Қаратау» фосфорит бассейнінің кен орындарын игеру аясында жылына 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыш пен индустриалды өнімдер шығаратын химиялық зауыт салу жобасын іске асыруда.

          Жаңа өндіріс орны экологиялық таза болып, дәстүрлі фосфор зауыттарынан ерекшеленеді: қосалқы өнім ретінде фосфогипс шығудың орнына кальций хлориді және синтетикалық гипс алынады.

          Жоба екі кезең бойынша іске асырылады. Жалпы инвестиция көлемі шамамен – 1 млрд АҚШ доллары.

          Жобаны іске асыру екі кезеңде жоспарланған:

·       I кезең: жылына 800 мың тонна қуаты бар күкірт қышқылы өндірісін салу; жоспарланған мерзім: 2025 жыл

·       II кезең: негізгі өндірістерді іске қосу – дикальцийфосфат, калий сульфаты, кальций хлориді, синтетикалық гипс (химиялық); жоспарланған мерзім: 2026 жыл

          Өндірістік қуаты: жылына кемінде 1 млн тонна минералды тыңайтқыштар мен индустриалды өнімдер.

          Жұмыс орындары:

·       Құрылыс кезеңінде – 2 000 жұмыс орны;

·       Пайдалануға беру кезеңінде – кемінде 1 200 жаңа тұрақты жұмыс орны;

·       сервис кәсіпорындарында/аутсорсингте кемінде 500 жұмыс орны қосымша құрылмақ.

          Қазіргі таңда құрылыс-монтаж  жұмыстары қарқынды жүргізілуде, оған 680 адам мен 77 бірлік техника тартылған.

          Айта кетейік, «Еврохим» – минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Кәсіпорын шаруаларды ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға және егін сапасын жақсартуға қажетті жаңа инновациялық тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow