«Тараз – Шымкент» тас жолы: Жол жөндеу жұмысы 75% аяқталды

«Тараз – Шымкент» тас жолы: Жол жөндеу жұмысы 75% аяқталды

«Тараз – Шымкент» тас жолының учаскесінде жөндеу жұмысы 75% аяқталды, деп хабарлайды jambylmedia хабар агенттігі.

Бүгінде 546–557 шақырым аралығында (ескі Күйік асуы) күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоба аясында жаңа апаттық тұйық пен жол-пайдалану пунктінің құрылысы да қарастырылған.

АВТОЖОЛҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ 
• Ұзындығы — 12,3 шақырым
• Іске асыру мерзімі — 2025-2026 жж.
• Жоба құны — 6,9 млрд теңге

Бүгінгі күнге атқарылған жұмыстар:
• 62 мың м³-тан астам жер төсемі төселді
• Жол жабынының негізгі қабаттары толық аяқталды
• 9 км айналма жол салынды
• 15 су өткізгіш құбыр орнатылды
• Апаттық тұйықтың дайындығы — 36%

Қазіргі таңда нысанда:
• 43 техника
• 79 маман жұмыс істеуде



БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ ЖОСПАРЫ:
• Жабынның жоғарғы қабатын (ЩМА) төсеу
• Апаттық тұйықты аяқтау
• Жол-пайдалану пунктін салу
• Жолды абаттандыру

Жол жөндеу жұмысы биыл толық аяқталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow