Норвегия Украинаның әуе қорғанысына 7 млрд крон бөледі

Бұл туралы ВВС агенттігі Норвегияның ресми органдарына сілтеме жасап хабарлады.
«Қазіргі уақытта Норвегия мен Германия екі Patriot жүйесін, соның ішінде оған арналған зымырандарды қаржыландырып отыр.
Бұл жүйелер Германияда орналасқан және жақын арада Украинаға жеткізіледі. АҚШ бұл кешендердің орнына жаңаларын беретінін растады, ал Норвегия олардың орнын толтыруға қаржылық қолдау көрсетуге міндеттенді», - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?






