Жамбылда 50 мың ағаш отырғызылады

Жамбылда 50 мың ағаш отырғызылады

Жалпы Жамбылда «Таза Қазақстан» акциясы аясында биыл 50 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Жамбыл облысының Даму жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 195 мың жасыл желектер  отырғызылатын болады.

Бұл іс-шараларға мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, жастар мен еріктілер қатысты.

Сонымен қатар, Тараз қаласында ағымдағы жылы «Достастық» жәрмеңкесі аясында «Этноаула», «Гидрокомплекс», «Линейный парк» саябақтарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес бұл жұмыстарды қазан айында тұрғындар игілігіне тапсыру жоспарланып отыр.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іс-шаралар жоспары мен оның орындалуы бойынша мәселелер жергілікті деңгейде жүйелі түрде қаралуда.

Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow