Қазақстандағы автокөлік ағынының 23% Жамбыл жерімен өтеді
Жамбыл облысындағы "ҚазАвтоЖол" АҚ қарасты республикалық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының сапалық деңгейі 97%-дан асады. 1200 шақырым жол қатынауға қолайлы, барлық жол белгілерімен қамтылған.
Жуырда жол қозғалысының қарқындылығына жасалған талдау нәтижесі белгілі болды. Аймақтың ақылы жолдары арқылы тәулігіне 49,4 мыңнан астам көлік өткен. Бұл көрсеткіш республикадағы барлық ақылы автомобиль жолдарымен жүретін 217 мың көліктің 23%-ы Жамбыл жерін кесіп өтетінін көрсетеді. Сондай-ақ елімізде жүк көліктерінің тәуліктік нөпірі 26 мыңға жуықтаса, оның 9 мыңы Әуиеатаның автодәлізімен қатынайды. Сондықтан жол сапасын сақтап, қауіпсіз логистиканы дамыту бағытында өңірде 200-ден астам адам жұмыс істейді.
ЖАҢАЛЫҚ ҰЗАҚБАЙҰЛЫ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖОЛ ЖӨНДЕУ МАМАНЫ:
"Осы жол саласында 24 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Жұмыстың жеңілі жоқ, түнде де шығуға тура келеді. Тоқтап қалатын машиналар болады, соларға уақытша қойылатын жол белгілерін қойып шығамыз. Әсіресе қыс айларында көп шығамыз. Жол саласында істеп жүрген әріптестеріме бүгінгі мереке құтты болсын деймін. Жол сапасы арта берсін, жүргізушілерге, жолаушыларға қолайлы жағдай жасап біз де жүре берейік."
Сіздің реакцияңыз қандай?