Қазақстан фильм шығару бойынша 60-тан 31-позицияға көтерілді

Қазақстан фильм шығару бойынша 60-тан 31-позицияға көтерілді

Фильм – қазақтыңкі! Қазақстан фильм шығару бойынша 60-тан 31-позицияға көтерілді– деп хабарлайды jambylmedia.kz ақпараттық порталы.

Қазақстанда Креативті индустрияны дамыту бойынша 16 креативті орталық ашылды, салықтық жеңілдіктер қолданылуда. Білім беру бағдарламалары, акселераторлар жəне халықаралық тағылымдамалар іске қосылды.

Осы шаралардың арқасында Қазақстан креативті тауарлар мен 57 көрсетілетін қызметтер бойынша WIPO (World Intellectual Property Organization/Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы) рейтингінде 93-тен 65-позицияға, фильм шығару бойынша 60-тан 31-позицияға көтерілді.

 

Биылғы 1 тамыздан бастап Креативті индустрияларды қолдау қоры негізгі 4 бағыт бойынша өз жұмысын бастап кетті: таланттарды іздеу (жобаларды акселерациялау және инкубациялау бағыты), жобалардың девелопменті (жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу және тарту), инфрақұрылымды дамыту, экспортқа жəрдемдесу (қазақстандық креативті өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді халықаралық нарықтарда ілгерілету).

 

Бір жылда креативті индустрия субъектілерінің саны 15 %-ға немесе 6 033 бірлікке өсті жəне бүгінгі күні 45 597 субъектіні құрайды.

 

Еліміз бойынша 2029 жылға қарай креативті индустриялардың үлесін жалпы ішкі өнімнің 2 %-ына дейін (2024 ж. – 1 %), креативті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер экспортын 115 млн АҚШ долларына дейін (2024 ж. – 96 млн АҚШ доллары), кəсіпкерлік субъектілерінің санын 60 мың бірлікке дейін (2024 ж. – 45,5 мың бірлік), сондай-ақ осы салада жұмыспен қамтылғандар санын 180 мың адамға дейін (2024 ж. – 143,6 мың адам) жеткізу жоспарлануда.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow