Жамбыл жерінде химия өнеркәсібінің қарқыны артып келеді. Айталық, Талас субаймағында «Talas Investment Company» ЖШС натрий цианидін өндіру зауытының бірінші кезеңі 2014 жылы іске қосылған. Екінші кезеңінің инвестиция құны – 26,0 млрд теңге. Өндірістік қуаты – жылына 15 мың тонна. Жоба жүзеге асса,150-ден астам жұмыс орны ашылады.Натрий цианидінің жылдық қуаттылығы – 10 100 тонна, аммоний сульфаты – 4 385 тонна. 2026 жылдың 2-тоқсанында іске асыру жоспарланған.
«Karatau Chemicals» ЖШС натрий пиросульфитін өндіру де Жамбыл облысының Талас субаймағында жүзеге асыруда. Жобаның инвестициялық құны - 2 880 млн теңге, қызметкерлер саны: 31 адам, өндірістік қуаты: жылына 25 мың тонна натрий пиросульфит, сату нарығы: ішкі нарық, Ресей Федерациясы, Орталық Азия елдері.
Ал Шу ауданында «Jibek Joly» АЭА аумағында «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС (Қытай Халық Республикасы) сутегі асқын тотығы өндірісін салу жобасын іске асыруда. Жобаға 32,5 млрд теңге инвестиция тартылған. 100 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 30 мың тонна сутегі асқын тотығы. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде: іргетас құю жұмыстары толық аяқталған, металлоконструкцияларды монтаждау басталды. Сондай-ақ қажетті жабдықтар жеткізілді: сутегі асқын тотығын өндіру қондырғылары, табиғи газдан сутегі алу қондырғылары, су айналымы станциялары, тазалау құрылыстары, бу қазандықтары, резервуарлар және тиеу-түсіру алаңы. Құрылғылар кедендік рәсімдерден өтіп жатыр. Кәсіпорын 2026 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.
Сондай-ақ Шуда «Taraz Gelatin» ЖШС тағамдық желатин өндіретін зауыт салу жобасын іске асыруда. Жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған. 83 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 3 мың тонна желатин және 1 мың тонна коллаген. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде:
· Іргетас құю жұмыстары: 80% аяқталған
· Қабырғалардың каркасы: 70% дайын
· Шатыр жұмыстары: 60% орындалған
· Ішкі әрлеу жұмыстары және инженерлік желілер: 20% аяқталған
Жабдықтар жеткізілді, кедендік рәсімдер аяқталды, монтаж жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорынның алғашқы кезеңін 2026 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.
Сонымен қатар «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында «Altynalmas Reagents» ЖШС натрий цианидін өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. Жоба құны – 60 млрд теңге. Іске асыру нәтижесінде 100 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіруге қауқарлы болмақ. Болашақ зауытқа қатысты жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан табысты өтті. Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндірістік жабдықтарға тапсырыс берілген, оларды жеткізу 2026 жылдың II тоқсанына жоспарланған. Ауқымды өндіріс орны 2027 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында «J-Victor New Energy» ЖШС өндірістік кремний өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда.Жоба құны – 17,7 млрд теңге. Іске асыру нәтижесінде 150 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын жылына 150 мың тонна өндірістік кремний өндіреді.Қазіргі таңда іргетас және қабырға жұмыстары толық аяқталған. Шатыр жұмыстары 90 пайызға орындалды. Жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылуда, кедендік рәсімдер жүргізіліп жатыр. Кәсіпорынның алғашқы кезеңін 2026 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.
Ал Қытайдың жетекші металлургиялық компаниясы – Fujian Hengwang Investment Co., Ltd өндірістік қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін жететін металлургиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. Инвестиция көлемі – 674,2 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында 2 500 жұмыс орны ашылады. Алғашқы кезеңде 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылады. Компания үлкен тәжірибесін пайдалана отырып, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін темір рудасын терең өңдеудің толық циклін жолға қоюға ниетті: – бірінші кезеңде 1 млн тоннаға дейін арматура, созба сым, бұрышты болат, – екінші кезеңде 2 млн тонна профилді және жолақты болат шығарылмақ. Кәсіпорында темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы енгізіледі. Бұл – өнім құрамындағы темірдің жоғары мөлшерде сақталуын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіпте ғылыми тәсіл мен заманауи технологиялардың тиімді үйлесуі өндірістің экологиялық тұрақтылығын арттыра түседі. Зауытты іске қосу – сабақтас салалардың дамуына берік негіз қалап, өңірдің экспорттық мүмкіндіктерін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ауқымды өндіріс орнының алғашқы кезеңі 2026 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Сонымен қатар «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында Орталық Азияда баламасы жоқ жел электр станцияларына арналған құрал-жабдықтар шығаратын зауыттың да құрылысы жүргізілуде. Бұл ауқымды инвестициялық жобаны Sany Renewable Energy компаниясы мен отандық «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бірлесе жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны 53,6 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның өнімдері Қазақстанның ішкі сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық бағытқа да жіберілетін болады. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 2 ГВт көлемінде жел электр станцияларына арналған құрал-жабдықтарды құрастыру. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Ішкі әрлеу, сондай-ақ жабдықтарды жеткізу және монтаждау толығымен аяқталған. Жобаның 1-кезеңін 2025 жылдың IV тоқсанында, 2-кезеңін 2026 жылдың IV тоқсанында іске қосу жоспарлануда.