ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ

Латын әліпбиі-мәңгілік елдің рухани жаңғыруы

Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен бекітілді.

Қазақ жазуының латын графикасына негізделген әліпбиге көшуі – елімізді рухани жаңғыртудың басты өзегі болмақ.

Ең алдымен, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттау мақсатында өткен жылы Тараз қаласы әкімдігіне қарасты бөлім қызметкерлері және әртүрлі сала қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орын студенттері  арасында (Қалалық аурухана, емханалар, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Тараз қалалық ішкі істер басқармасы, КазТранссГаз, Тараз қалалық электр жүйесі, Тараз Су, Жамбыл-жылу, Қазпошта, Қазақтелеком, Халық банк,Тараз қалалық соты) «Латын әліпбиі-Рухани Тәуелсіздікке жасалған жарқын қадам» атты 15 семинар өткізілсе, Тараз қаласы әкімдігіне қарасты бөлім қызметкерлері, Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, бөбекжай-бақшалары қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орын студенттерінен «Жаңа қазақ әліпбиі» атты жаппай диктант алынды.

2020 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Тараз қаласы бойынша филиалы, «Каспий банк»  қызметкерлері арасында «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» атты семинар, «Латын тілі – жарқын болашақ кепілі», «Ұлы дала болашағына қадам- латын әліпбиі» тақырыптарында кітап көрмелері, «Жаңғыру жазудан басталады» ақпараттық шолу өткізілді және «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты тұрақты стенд ұйымдастырылды.

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты жаңа заман талабына сай интернет-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде оқып,  жазып үйрету мақсатында арнайы әзірленген  видеороликтер, онлайн сабақтар  әр мекемелерге таратылды.

Алдағы уақытта бекітілген жоспарға сәйкес  №2 қалалық аурухана, «Жусан банк», «Қан орталығы», Қалалық прокуратура, «Тара қалалық электр жүйесі», Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы»,  Тараз қаласы әкімдігіне қарасты бөлім  қызметкерлері арасында «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» атты семинар өткізіледі және жоғары және арнаулы орта оқу орын студенттерінен  «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты диктант алынатын болады.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close