Басты бетЖЕЛІГЕ ЖАЗҒАН...

ЖАМБЫЛДА АЙТЫС ТӨҢІРЕГІНДЕ «АЙТЫС» БАСТАЛДЫ

- ЖАМБЫЛДЫҚ АЙТЫСКЕРЛЕР ҚАЙДАСЫҢДАР? - НЕ БОП ҚАЛДЫ?

Фото yandex.kz алынған

Топырағы таланттарға  тұнып тұрған Жамбыл жері мәдениет пен өнердің  о, бастан ошағы ғой. Тараз дейтін Жібек жолының жүрегіне мыңжылдықтар мәйегі тамған, ұлағаты ұялаған.  Тарихының әр толқыны жағаға бір-бір таланттан тастап кетіп отырған… деп…  деп әсірелесек те, әділі сол ғой.  Мұндай тақырыптарда мақала жазғанда әдетте осылай бастаймыз ғой. Иә, сол үшін сәл ғана кешіріп қойыңыздар.) Рамка солай. Құрып қалмағыр қоғамдық қалыптасулар-ай, а!)  Айтайық.  Аймақтағы айтыс алаңыннан шу шығып жатыр. Бірақ, бұл жолғы  «айтыс» Жүрсін Ерманның жанына жиналғандар мен Тазабековтың төңірегіне топтасқандардың тартысы емес. Яғни, дәстүр мен діннің, сақал мен салттың, балақ пен басқаның  дауы емес. Әңгіменің «Әгигәгімі» әріден естілсе, «Хәуләйлім-Хәйлісі» қасымыздан шығып жатыр. 

Қысқаша фабула: Үлкен айтыс алдындағы үздіктерді анықтау. Яғни іріктеу. Аудан ауқымындағы. Талабы былайша айтқанда, төменгі лигадан төргі лигаға өту керек.  Байзақ ауданында бас жағы болған солай. Бірақ, Байзақтан басталған бастаманың  жарты жолды жұлыны үзілгенге ұқсайды.

Ол жағын жамбылдық айтыскер ақындар жандары ашып, жарыса жазды. Бірақ, кей таланттар киелі сахнадан көрінбей кететіні секілді, әлгі жазбалары да желіден жоғалып кетті. Сондықтан,   біз де авторының атын атамай, түстерін тегтемейік  деп сәл әділетсіздеу шешім шығарып жібердік.   Мына төмендегі жанайқай жазбада жай-жапсары жазылған. Авторы әр сөйлемінің соңына көп нүкте қоя беріпті. Сондықтан, көп нүкте қоя берген автордың әлі де айтылмаған көп ойлары бар секілді. Бұл тақырыпта…

 

“ЖАМБЫЛДЫҚ АЙТЫСКЕРЛЕР ҚАЙДАСЫҢДАР?

(ƏКІМІ АҚЫНЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛМІЗ)

Ассалаумағалейкүм ардақты көпшілік. Армысыздар жақсылар облыс əкімдігі, мəдениет басқармасы, қадірлі Дүйсенəлі Дыбысалыұлы, Ахметжан аға!

Мен алдарыңызда датымды айтайын деп отырмын. Ол жалғыз менің мұңым емес, барша жамбылдық айтыскерлердің мүддесі.

Алдымен “Жамбыл – менің жəй атым, халық – менің шын атым” атты Жамбыл Жабаевтың рухына арналған айтысты былтырдан бері, облысқа келе сала қолдап жатқан облыс əкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовке айтыскерлер атынан шексіз рахмет, алғыс айтқым келеді.. Ол кісі өткен күзде облыс əкімдігі мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенəлі  Бықыбаев ағаны  мамандарымен бірге қабылдаған. Сол жиынға мен БАҚ өкілі ретінде қатысқанмын. Ол жерде облыс əкімі ақпанда өтетін Жамбылға арналған айтысты қолдай келіп, жеткілікті қаржы бөлінетінін айтып, биыл ауқымын кеңейтіп  əр ауданда жəне Тараз қаласында жеке – жеке іріктеу өткізуді, сосын облыста іріктеу өткізуді тапсырған болатын. Бұл айтыс – облыс əкімінің бастамасы, қолдауы.

Сол бойынша қазысы тағайындалып, кеше Байзақ ауданынан аудандық іріктеу басталды ғой..Жап-жақсы керемет айтыс өтіп, Дархан бас жүлде, Рай бірінші, Алтын əпке екінші, Дидар Басығараев үшінші орын алды ғой. ЕНДІ сол айтыс секілді аудандық іріктеу  басқа аудандарда кесте бойынша өте беруі керек еді..

Білмеймін ғой, бүгін ғана ауданмен аудан айтысады деген əңгіме шықты..Бұл не əңгіме? Біріншіден ондайға барлық ауданның əлеуеті , айтыскерлер құрамы көтере ме? Бұл талапқа сай болса, Жамбыл, Байзақ, Шу аудандары ғана сай болар. Көп ауданда ешкім танымайтын оқушылар, жастар, жасы тым егде кісілер де тіркеліпті. Оларға уақыт, тəжірибе керек емес. Ешкім білмеген, сахна көрмеген оқушыны ауданаралық айтысқа сүйрелеу қаншалықты дұрыс..

Дүйсенəлі аға, Хандықтың айтысында тегін сандалып айтыскерлеріміз он ауданда шаң-шаң болып жүріп айтысты..Бұл қорлау болатын..Енді мынау облыс əкімі Асқар Исабекұлы қолдап отырған айтыс.. Мұны ойыншыққа айналдыра алмаймыз.. Ауданда іріктеу өткізіңдер деп сол облыс басшысы айтты.. Енді не дау мынау?

Аудандағы іріктеуге неге аудан əкімдері атсалысып, жүлде тікпейді..Əлде облыс əкімінің ойы, тапсырмасы жерде қалуы керек пе? Үлкен басшы айтса, аудандағылар қолдау білдіруі тиіс емес пе? Меркі ауданының əкімі Мейірхан Азатұлы өзі қаржылай жүлде тігем депті деп естідік..Аудандағы іріктеуге.Барлық аудан əкімі осындай белсенді болу керек қой.

Жамбыл Жəкем айтысының іріктеуі аудандық  ..,  облыстық..,республикалық болып өтуі керек … Сіздер не дейсіздер басқарма, айтыскерлер? Мен білетін бірнеше айтыскер бұлай дау көбейе берсе, мүлдем бұл айтыстарға қатыспаймыз деп тулап отыр. Сіздер не дейсіздер?»

 

Тегтер

Related Articles

9 Пікірлер

  1. Ассалаумағалейкум!
    Құрметті автор, айтыстың жанашыры екенсіз. Өте қуаныштымын! Менде айтысты жаным сүйетін тараз тұрғынымын. Айтыспен қатар әлемді мойындатқан спорттың түрі футболдыда жаным сүйеді. Мен секілді футбол сүйер қауым өте көп. Олардың құрамында сізде барсыз деп сенемін. Айтқым келгені… футболдан көптеген турнирлер өткіздік. Кейбірінде жүлдені ортадан шығардық. Ол дегенім, өз қалтамыздан қаржыландырдық. Турнирге қатысатын құрама көбірек болса, жүлденіңде қоры кеңейеді. Ал енді ойланып көріңіз. Қалтаңыздан қаржы шықты. Шынын айтатын болсақ соңына дейін, өкпеңіз аузыңызға тығылғанға дейін жүгіріп доп қуалайсыз. Мінеки, ортадан шығарылған жүлделі турнир осынысымен қызықты өтеді. Нені меңзеп отырғанымды түсініп отырған шығарсыз… Осылай, басшылыққа мұң-мұқтаждарын айтып, ұяда шырылдап отырған балапандай биліктегілерден жүлде сұрап жүргендерімен келер ұрпаққа қандай тәрбие береді біздің айтыскерлеріміз. Бұлай қазақ айтысының дамуы мүмкінбе…? Шындық, билік ұйымдастырған айтыста шектеу көп болады. Тақырыптан ауытқымай, шектен шықпа деп нықтап бұйрық беріледі. Осылай өткен айтыс қызықты өтеді ма екен…? Неге…? Ортадан жүлде шығарып айтыскер ақындарымыз өзара кездесулер өткізбейді? Еш шектеу жоқ. Нағыз айтыскер ақын болса сол жерде айтсын билікке жетпей жүрген халықтың мұң-мұқтажын. Сол кезде айтыс дамитын еді. Мәдениет басқармасы, әкімшілік деп қашанғы жүре береді. Сіздің жазғаныңызды оқып отырып… Жамбыл атамыздың атымен өткізгелі тұрған айтысқа қатысушылар халқының жағдайын емес, өз қалталарын ойлап жүрген секілді. Ұятын-ай… тағыда жүлде сұрайды… жүлде қуалап жүр Айтыс – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір! Сол көпір құндылығы жоғалып бара жатқан сияқты ма, қалай өзі?

  2. Ассалаумағалейкум!
    Құрметті автор, айтыстың жанашыры екенсіз. Өте қуаныштымын! Менде айтысты жаным сүйетін тараз тұрғынымын. Айтыспен қатар әлемді мойындатқан спорттың түрі футболдыда жаным сүйеді. Мен секілді футбол сүйер қауым өте көп. Олардың құрамында сізде барсыз деп сенемін. Айтқым келгені… футболдан көптеген турнирлер өткіздік. Кейбірінде жүлдені ортадан шығардық. Ол дегенім, өз қалтамыздан қаржыландырдық. Турнирге қатысатын құрама көбірек болса, жүлденіңде қоры кеңейеді. Ал енді ойланып көріңіз. Қалтаңыздан қаржы шықты. Шынын айтатын болсақ соңына дейін, өкпеңіз аузыңызға тығылғанға дейін жүгіріп доп қуалайсыз. Мінеки, ортадан шығарылған жүлделі турнир осынысымен қызықты өтеді. Нені меңзеп отырғанымды түсініп отырған шығарсыз… Осылай, басшылыққа мұң-мұқтаждарын айтып, ұяда шырылдап отырған балапандай биліктегілерден жүлде сұрап жүргендерімен келер ұрпаққа қандай тәрбие береді біздің айтыскерлеріміз. Бұлай қазақ айтысының дамуы мүмкінбе…? Шындық, билік ұйымдастырған айтыста шектеу көп болады. Тақырыптан ауытқымай, шектен шықпа деп нықтап бұйрық беріледі. Осылай өткен айтыс қызықты өтеді ма екен…? Ауыздары жабулы айтыскерлер ғой… Тарихта, бұқараны өліммен қорқытқан ханның бетіне айтқан емеспа нағыз айтыскер ақындарымыз. Жамбыл атамызда сондай болған.
    Неге…? Ортадан жүлде шығарып айтыскер ақындарымыз өзара кездесулер өткізбейді? Демеушілеріде табылар еді. Еш шектеу жоқ. Ауызға қақпақ жоқ. Нағыз айтыскер ақын болса сол жерде айтсын билікке жетпей жүрген халықтың мұң-мұқтажын. Сол кезде айтыс дамитын еді. Мәдениет басқармасы, әкімшілік деп қашанғы жүре береді. Сіздің жазғаныңызды оқып отырып… Жамбыл атамыздың атымен өткізгелі тұрған айтысқа қатысушылар халқының жағдайын емес, өз қалталарын ойлап жүрген секілді. Ұятын-ай… тағыда жүлде сұрайды… жүлде қуалап жүр. Саны бар, сапасы жоқ! Жүлдеге біреуіде лайық емес. Айтыс – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір! Сол көпір құндылығы жоғалып бара жатқан сияқты ма, қалай өзі?

  3. Ассалаумағалейкум!
    Құрметті автор, айтыстың жанашыры екенсіз. Өте қуаныштымын! Менде айтысты жаным сүйетін тараз тұрғынымын. Айтыспен қатар әлемді мойындатқан спорттың түрі футболдыда жаным сүйеді. Мен секілді футбол сүйер қауым өте көп. Олардың құрамында сізде барсыз деп сенемін. Айтқым келгені… футболдан көптеген турнирлер өткіздік. Кейбірінде жүлдені ортадан шығардық. Ол дегенім, өз қалтамыздан қаржыландырдық. Турнирге қатысатын құрама көбірек болса, жүлденіңде қоры кеңейеді. Ал енді ойланып көріңіз. Қалтаңыздан қаржы шықты. Шынын айтатын болсақ соңына дейін, өкпеңіз аузыңызға тығылғанға дейін жүгіріп доп қуалайсыз. Мінеки, ортадан шығарылған жүлделі турнир осынысымен қызықты өтеді. Нені меңзеп отырғанымды түсініп отырған шығарсыз… Осылай, басшылыққа мұң-мұқтаждарын айтып, ұяда шырылдап отырған балапандай биліктегілерден жүлде сұрап жүргендерімен келер ұрпаққа қандай тәрбие береді біздің айтыскерлеріміз. Бұлай қазақ айтысының дамуы мүмкінбе…? Шындық, билік ұйымдастырған айтыста шектеу көп болады. Тақырыптан ауытқымай, шектен шықпа деп нықтап бұйрық беріледі. Осылай өткен айтыс қызықты өтеді ма екен…? Ауыздары жабулы айтыскерлер ғой… Тарихта, бұқараны өліммен қорқытқан ханның бетіне айтқан емеспа нағыз айтыскер ақындарымыз. Жамбыл атамызда сондай болған.
    Неге…? Ортадан жүлде шығарып айтыскер ақындарымыз өзара кездесулер өткізбейді? Демеушілеріде табылар еді. Еш шектеу жоқ. Ауызға қақпақ жоқ. Нағыз айтыскер ақын болса сол жерде айтсын билікке жетпей жүрген халықтың мұң-мұқтажын. Сол кезде айтыс дамитын еді. Мәдениет басқармасы, әкімшілік деп қашанғы жүре береді. Сіздің жазғаныңызды оқып отырып… Жамбыл атамыздың атымен өткізгелі тұрған айтысқа қатысушылар халқының жағдайын емес, өз қалталарын ойлап жүрген секілді. Ұятын-ай… тағыда жүлде сұрайды… жүлде қуалап жүр. Саны бар, сапасы жоқ! Жүлдеге біреуіде лайық емес. Айтыс – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір! Сол көпір құндылығы жоғалып бара жатқан сияқты ма, қалай өзі?

  4. Расында да қазіргі таңда айтыскер ақындарымыз xалықтың қамын емес, құлқын мен қара қарынның қамын ойлап бара жатқандай. Неге дейсіздер ме? Себебі өздерінізге белгілі Тараз жерінен бір тексіз надан қазақ xалқының ұлттық киімің киіп алып төсін жаланаштап масқарапаздықпен ұлттың намысын аяққа басқан кезде қазіргі уақытта шу шығарып жүрген ақындар бір жақ ашпады-ау шіркіндер. Енді келіп ұлттық төл өнерімізге нем құрайлы қарап бізбен санаспайды деп ұйымдастырушылардың артынан қара тас лақтырып, нағыз күн бағардың ісін істеп әлек. Осы шу шығарып жүрген ақынымыз кезінде ауыл-ауылды, аудан-ауданды аралап айтысқан кезеңдерін ұмытса керек. Әйтпесе өңіріміздің атақты айтыскер ақыны ұстаз Шорабек ағамыз дәл осылай ауыл мен ауыл, аудан мен ауданды аралатып айтыстырған. Ал әлгі шу шығарып жүрген автор да осы айтыстың ішін де болған. Ақындар бұл іріктеу де неге шу шығырды. Себебі ол өз ауданында өтетін айтысқа күні бұрын дайындалып өз жұбымен келісіп: сен былай айтқанда, мен былай айтам деп жаттанды сөзді әзірлеп қояды. Сосын xалық алдында соны зудыратып жез тандай, шешен, сөз жүйрігі болып көрініп шыға келеді. Ал ұйымдастырушылар іріктеу кезеніне өзгеріс еңгізіп еді олар үдере айқайға шықты. өйткені олар суырып салма айтысына келгенде шоқақтау. Суырып салма ақындардың дәуірі бүгінде келмеске кеткен. Бәрі дерлік қазіргі таңда жаттанды сөз айтып жүр. Ал автордың жүлде туралы сөзіне келгенде өз басым қатты ұялдым. Себебі Шортанбай бабамыз “Сұғанақ болып ұрынба, сыбаған болса тұрып ал” деген сөзін автордың ақын бола тұра ескермегені мені қатты қынжылтты. Аудандағы іріктеуде жүлде мәселесі аудан әкімдігінің еңшісі деп ойлаймын өз басым. Ал ұймдастырушылар облыстық мәдениет басқармасы болғандықтан олар облыстық іріктеу кезеңі мен Республикалық додаға қомақты жүлде тігіп отырғанын да ескерген жөн. Ал аудандағы айтыстың жүлдесіне басқарма жауапты емес.

  5. Расында да аудандарда өтіп жатқан айтыстың іріктеу кезеңдерінде шу шығып барып лезде басылды. Ал енді шудың лезде басылуына не себеп? Себебі автор өзінің ФБ парақшасына істің байыбына бармай, мәң-жайдын түбіне үнілмей асығыстықпен “Ақындар қайдасындар” деп жалған ұрандықпен жариялауын қате пікір екендігің алға тартып кешірім сұрауында. Бұл жөнінде шу шыққан күннің ертесінде Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары ұйымдастырушылар мен айтыскер ақындардың басын қосқан жиында айқындалды. Сол кезде автор өз айыбын алға тартып ұйымдастырушылардың алдында өзін артық кеткендігің айтып ақталды. Бір өкініштісі әлгі автордың өзі айтыскер ақын бола тұра, бұрындары өзі қатысып жүрген іріктеу кезеңдеріндегі ізбен жүріп келе жатқан ережені жоққа шығара отырып, “Өзі болған қыз төркінін танымастың” кейпін келтіргендігінде болып отыр. Кезінде өңіріміздің айтыскер ақыны Шорабек ағамыз осы ақындардың бәрін (бұның ішінде авторда бар) ауыл-ауылды, аудан-ауданды аралатып айтыстырып, тәжірибе жинақтатып, жүйрік дегенің тандап алушы еді. Міне енді бүгінде осы үрдісті жоққа шығаруға тырысып, жалған ұранның жетегінде кете барғанына дән риза. Ағамыздың бұл ісі шамасы бүгінде қоғамда жан айқай аз да, бос айқай көп екенің аңғартас керек. Егер расында да халықтың жоғын жоқтап, мұның мұндап, төл өнері мен салт дәстүріне жан ашып жүрген ақындар болса, өңіріміздегі шығып отырған Шырын Наршаева сынды наданның қылығына неге жақ ашпады? Неге? Әлде бүгінгі ақындар халықтың қамын емес, қара қарынның қамын ойлайтын болған ба? Ақша көрсе екі көзі далақтап, тілдері салақтап жүру ақындарға ұят емес пе? Иә рас ұйымдастырушылар яғни, Облыстық мәдениет басқармасы бұл айтыстың облыстық іріктеу кезеңі мен республикалық айтысқа қомақты жүлде тігіп отыр. Ал аудандардағы іріктеу кезеңіне жүлде тікпейтінің күні бұрын жиналған жиында айтылған. Ол кезде осы айтыстың төрінде жүрген ақындар мен тәлімгерлер түгел құлақ қағыс болған. Демек аудандағы айтысқа жүлде тігуге ұйымдастырушылар міндетті емес. Ол мәселе аудан әкімдігінің еңшісінде. Енді автордың жүлде сұрап отырғаны несі? Әлде Шортанбай бабамыздың “Сұғанақ болып ұрынба, сыбағаң болса тұрып ал” деген өсиетін қаперге ілмегендігі ме? Меніңше бұл шудың түбіне үнілсек, ақындардың суырып-салма дарындық қасиетінің төмендігінде жатса керек. Өйткені олар күні бұрын өзінің жұбымен дайындалып: Мен былай дегенде, сен былай десін дегендей әзірлігінің жолын кескен тосыннан тосқауыл болған өзгерісте жатыр. Ұйымдастырушылардың ережеге өзгеріс еңгізуі ақындардың бет пердесін шешкендей әсер етіп отыр. Себебі олар өздерінің жаттанды сөздерімен жиналған жұртшылықты баурап алалмайды. Сонда не суырып-салма айтыс өнері келмеске кеткен бе. Әлде ақындар кезінде Сүйінбайдың күллі қазақ намысын, қырғыз жеріне барып қорғағанын білмейтіндігінде ме? Сүйінбай бабамыз Қатаған өз қырғыз жерінде айтысады, мен онымен айтыспаймын деді ме екен? Әй қайран бабалар-ай! Сендер білдіндер ме екен ұрпағын осылай ұсақталып кететінің.

  6. Бұқараға таратылатын әрбір ақпараттың қоғамдық санаға кәдімгідей әсер ететінін өздерінің қажеттілігі үшін мұздай есепке алғанымен, мұндай мұздай есептің (ор.”xолодный расчет”) сол қоғам мүшелерінің кейбірін бейпілауыздыққа апаратын жағымсыз ықпалы барын ескермеген жайт болды бұл.
    “Адасқанның алды жөн, арты соқпақ”.
    Неше жыл бойы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейінгі аумақты ен жайлаған, көлемі 144,2 мың шаршы шақырым болатын Жамбыл облысымызда айтысқа дұрыс көңіл бөлінбеді, неге біздің аймақ айтыскерлерінің xалі мүшкіл деп дабылды оңды-солды қағып жүріп, жақында ғана оң назарын өздеріне аударған, керемет бір оңды шаруаны қолға алуға тырысқан ел көшінің басындағы арда азаматтарымыздың ту сыртынан әңгіменің байыбына барып та үлгерместен асығыстықпен, тисе-терекке, тимесе-бұтаққа деп оңды-солды қарша боратып, сөз-сойылды сілтеу – басқа-басқа, көркемөнер көсем сөз барымташыларына жат қылық.
    Әлеуетіміздің әл-ауқаты мен әлеуметтік мәселесіне ғана мазасызданбай, өлкеміздің өркениетін, мемлекетіміздің мәдениетін, ұлттық аса құнды өнеріміздің өрісін қайтсек кеңітеміз, қайтсек дамытамыз деп, жарғақ құлағымыз жастыққа тимейтін туған өңіріміздегі осы баршамызбен осынау бағытымызда етене араласып, қоянқолтық байланысып, біріге, бірлесе жұмыс атқарысып жатқан атқарушы билік өкілдерін жаманатты қылып, бұқара алдында беделін түсіре жаздағанда ұтарымыз не?
    Бірнеше апта бойы қолға алынып, қалыпты жүйеге түсе бастаған бұл бастамаға бөркімді аспанға ата қуанған Өз басым, өткен ғасырдың сексенінші-тоқсаныншы жылдарындағы облыстық ақындар айтысының үш мәрте жеңімпазы, бас жүлдегері ретінде, аудан-аудандарда өтіп жатқан іріктеу айтыстарының зор нәтиже беріп жатқанынан үздіксіз құлақтанып отырмын.
    Тіпті, өзімнің ауданымның орталығы Қаратауда өкізілген айтысты өз көзіммен тамашалап, облыс тәлімгерлері Ербол Қамбатыров пен Айтмұxанбет Исақовтардың жас талапкер ақындармен ұйымдастырған шеберлік сабақтарына қатыстым. Балдырғандардың жанарларынан ұшқындаған от көрдім. Таластық жастардың келешек көгінде үміт жұлдызы жанды.
    Біздің күткеніміз де осы болатын!
    Тың жаңа іске мұрындық болып, тым жақсы қолдау білдіріп отырған облыс басшысы мен ел ағаларына шексіз алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ал ауданнан іріктеліп, облыстық, одан әрі республикалық айтысқа жолдама бұйырып жатқан айтыскерлерімізге тек қана сәттілік серік болсын дейміз.
    Ақ жол!

    Үміт Қыранқызы БИТЕНОВА, ақын, ҚЖО мүшесі,
    ҚР Білім беру ісінің және Мәдениет саласының үздігі,
    Жамбыл облысының (2013 ж.) Жыл патриоты,
    Талас ауданының Құрметті азаматы.

  7. Ассалаумағалайкум, алқалы жұрт, айтыс жанашырлары!
    Əлеуметтік желіде “Айтыс төңірегінде “айтыс” басталды ” деген айдармен бір жазба шығыпты. Кешіріңіздер, “ақпарат” деп айтуға аузым бармады. Менің түсінігімде “ақпарат” деген ұғым “негізделген ақиқат” дегенді білдіретін ұғым сияқты көрінеді. Мен осы айтыстың (желідегі желпілдек айтыс емес, сахнадағы ақындар айтыстың) бел ортасында жүрген азаматтардың бірімін. Аты-жөнім Ербол Қамбатыров. ҚР Мəдениет саласының үздігі, айтыскер ақын. Осы жобаның ұйғарымы бойынша сайланған тəлімгердің бірімін. Қажетті адамдар менің осы айтыс жолындағы еңбектерім мен жетістіктерімді тауып алар, қажет болса. Енді айтыс жайлы.
    Əлгі сайтта айтылғандай “басталмай жатып жұлыны үзілген” дегенде қандай негізге сүйенгенін білмедім. Жұлыны үзілмей-ақ, жобаның жолға түсіп, жарқ еткен жаңалықтарына да куə болып жатырмыз. Осы уақытқа дейін бес ауданды аралап, ақындарын саралап, мықтыларын даралап, неміз бар, келешекте үміт артар кімдер бар екен, ары қарай қай бағытта жұмыс жасауымыз керек деген жұмыстарды ойымызға түйіп келдік. Жуалыдағы Əуезхан деген есімнің жарқ ете қалуы, Таластағы Нұржан ақынның шеберлігінің шыңдалуы, Жамбылдан (аудан) жоғалтып алдық па деген Айжан қыздың төселіп, төске өрлеген талабына тəнті болып, Байзақтағы, келешекте “сен тұр, мен атайын” дейтіндей сарбаздардың сапқа тізіліп тұрғаны, Сарысуымызда да сарқылмаған бұлақтың көзі бар екендігіне куə болуымыз, осының бəрі осы жобаның жемісін береріне апарар тура жол екеніне көзіміз жетіп келеді. Арнайы өткізілетін шеберлік сағаттары мен соның бір бөлімі ретіндегі, іріктеу алқасының жетекшісі Аxметжан Өзбековтың енгізген, Алик Бекмұсаев, Айтмұханбет Исақов, осы жолдардың авторы қолдаған, шеберлікті шыңдаудың бір жолы деп танылып, барлық аудандағы іріктеуге қатысып жатқан ақындармен “Құлманбет айтысын” өткізу сабақтары – осының бəрі осы жоба аясындағы əдістемелік жұмыстардың бірі.
    Əрине, ең басында жобаның тиімділігі жолындағы түрлі ұсыныстар айтылды. Алғашқы нұсқа Байзақ ауданында басталып, ол рас, енді екінші бір нұсқа ұсынылған (ауданаралық айтыс сияқты). Бірақ, ақындардың жалпы ойымен жоба жетекшілері, құзырлы мекеме басшылары ортақ шешімге келіп бəтуəлəстық. Бар болғаны осы əңгімені, кімді қандай сайтан түртіп, сайтқа салып, “Самауырды емес – Самарқанды су алғызғаны”… ұғынықсыз. Қаншама жылдар бойы “билік тарапынан айтысқа бой бұрылмады, біз жетімсірееп қалдық” деп жылап едік, енді, “көз жасымызды құдай көрген еді”, енді оны келіп “қой көрмеген қуалап өлтіредінің ” кебіне келтіріп, бірді-екілі адамдардың айтқанына айдар тағып, аттан салуға еш негіз жоқ, ағайын. Біле білсек, айтыс деген бізге ғана тəн бұл қасиетті өнер біздің ұлттық кодымыздың бірі деп білемін. Осы жобаны ұсынып, оған арнайы қаржысын бөліп мүмкіндік жасап отырған облыс əкіміне, өз тарапынан үлкен қолдау жасап отырған облыстық мəдениет басқармасына, ұйымдастыру жұмысын, барлығын қолға алған облыстық халық шығармашылығы орталығына, жетекшілік жасап отырған Жамбыл атындағы Руханият орталығына, осы жобаның сайланған тəлімгері ретінде, айтыс ақындарының алдыңғы буын ағасы ретінде алғыс айтамын. Біз ешкімнің сөз бостандығына нұқсан келтірейік деп отырған жоқпыз. Бірақ, əрбір ақпар негізделген, “естілген” емес, “көрілген” деректі, айқын, дəйекті фактыға сүйенілсе екен дейміз. Есту мен көрудің арасы төрт-ақ елі болғанмен, былығы батпандай болып кететіні рас. Сондықтан, шынайы жанашырлық танытып ақпар алғысы келгендерге, бірігіп білек көрсетер көсегесі көгергірлерге анықтамалық ақпарат ретінде айтарымыз, бұл жобаның ұйымдастыруының ішінде жүрген , “көрген көзі” біздерміз, ал “жазығы жоқ” (деп ақталар) естіген “құлақтар ” ел ішінде көп қой… Кімнің аузына қақпақ боларсыз. Алла алдында да, ақындар алдында да, алқалы ел алдында да арымыз таза.
    Сәлеммен Ербол Қамбатыров.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close