Басты бетБИЛІК ПЕН БИЗНЕСБЫЛАЙША АЙТҚАНДАЖЕЛІГЕ ЖАЗҒАН...ҚАРЖЫ СЕКТОРЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖУРНАЛИСТ ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІККЕ НЕГЕ ШҮЙЛІКТІ?

Әй, сау болш!

Республикалық 31-ші арнаның Жамбыл облысындағы от ауызды, орақ тілді тілшісі Нұрадин Рақай өзінің фейсбуктегі парақшасында жаңа пост жариялап жіберді.

«Жамбылдың жарнамасын жасауға қанша қаржы жұмсалады? Имидж қалыптастастыру үшін шыр-пыр боп жүрген идеологтардың идеясын тыңдағым келіп жүр. Бір анығы, аймақтың жақсы атын шығару үшін аз ақша бөлінбейді. Сұмдық айтайын ба? Аты да заты да белгісіз БАҚ-тарға, сайдттарға млрд қаржы бөлініпті ғой. Қой, жалған ақпар болмасын. Ақ-қарасын ап-ашық, мөп-мөлдір етіп ішкі саясат айтып берер. Шынымен де ей, әкімдер мен басқарма басшыларын апта сайын брифинг алаңында “прозрачный” болуға шақырған ішкі саясат басшысын сол алаңнан өзін көргім келеді! А то жалған ақпар жазып жазықты болып қалармын! Толық мәлімет алмай сіздер де жазып, айтып қоймаңыздар, әріптестер! Аха ма Руслан АбдыманаповЖамбыл Облыстық Ішкі Саясат БасқармасыБіржан Сартбек, Берік Уәли» деп жауаптыларды да жіліктеп жіберген.

Посттан пайым іздемей-ақ,  парқын түсінуге тырыстық. Ақпарат құралдарына ақша бөлу – мемлекет саясатын жүргізудің амалы. Алайда, бүгінде сан мың сайт «көшіру және қою» режимінде («копировать и вставить») жұмыс істейтіні белгілі.  Бұл бағытта тендер алып, теңге ұтып отырғандары аз емес.  Алайда, ондағы ақпараттардың басым бөлігі басқаның «басқанын» бөлісу, «көрші сайттан» көшіру немесе баспасөз баянын «боямасыз» бере салумен айналысады.  Журналистік зерттеу, ізденіс пен сараптаманың «осы қазір «сүріне» жолығармын» деп кірсеңіз,  жоға су ақпарға сүріне құлап қайтасыз .

Билік бұл бағытта (БАҚ-қа қаржы бөлуде) тендер талаптарынан бөлек, мына мәселелерге мән берсе құба-құп па, қалай өзі?:

1). Ол сайттар оқылады ма?

2). БАҚ дәрежесін алған баспасөздің таралым зонасы ауқымды ма?

3). Мемлекет ақшасын алған сайт мемлекеттік саясатты жүргізуге қаншалықты үлес қосады? Былайша айтқанда,  алған ақшасын ақтап жүр ме? Әлде құр пресс-релиз бен құрғақ ақпарат жариялап жатыр ма?

4). Сауаттылық деңгейі сын көтере ме?

Пост бар жерде, пікір бар. Желідегі бұл жазбаның астыңғы бөлігіндегі жазарман қауым аштық, ой АШЫҚТЫҚ туралы айтқан. Электронды үкімет арқылы «Мемлекеттік сатып алулар»  бөлімінен кімге, қашан, қандай қаржы бергенін білуге болады деген. Бірақ, бұқара электронды үкіметтің есігін қағып жүрмесі белгілі.  Өз постын қысқа қайырған әулиеаталық әріптесіміз  осы ойды меңзегенге ұқсайды. Сондықтан, БАҚ-қа байланысты бар ақпарат ашық алаңда айтылуына акцент бергені байқалады. Журналист жазбасының соңына пікір ретінде  «брифинг берілетін болды» деп сүйіншілеткен сыңай танытты. Яғни, алдағы күні бұл ашықтықтың «ар жақ, бер жағы»  ашық алаңда айтылса… әңгіме басқа.  Дарина Ілияс

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close