Басты бетБИЛІК ПЕН БИЗНЕСЕЛ ІШІЖАҢАЛЫҚТАРҚАРЖЫ СЕКТОРЫСАЯСАТ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТКЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ТӘУЕЛДІ – ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

ЖАМБЫЛҒА ЖҰМЫС САПАРЫ

«Жамбыл облысы республикалық бюджетке айтарлықтай тәуелді. Ал, орташа айлық көрсеткіші бойынша да ең төменгі орында тұр». Бүгін Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.   Ол осы орайда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру керектігін айтып, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды. Бұл ретте Мемлекет басшысы  бос жұмыс орындарын ашуда бизнестің ықпалы зор екенін түсіндіріп, елдегі шағын және орта бизнес тетіктерін дамытуды жүктеді. Ал, елдегі бизнестің бұл саласының экономикадағы үлесі 2025 жылға қарай 35-40 пайызға жету керек деді. Тоқаев мырза, Елбасының «Ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын екі жарым есеге арттыруды» айтқанын еске салды. Жамбыл жерінің жағрафиялық жағдайы аграрлық секторға қолайлы болғандықтан,  қант қызылшасы мен жеміс-көкөніс дақылдарының көлемін көбейту керек деді. Өйткені, Үкімет келесі жылдан бастап шетелден келетін шикі құрақ қантына импорттық баж салығын салмақ.  Сондықтан, аймақ басшысына қант қызылшасы мен көкіністердің алқаптарын көбейтуді әрі өңдейтін кәсіпорындар қуатын арттыруды тапсырды. Бас мейман Әулиеата өңірін тарихи туризмнің орталығы екенін еске сап, сала индустриясын дамытуды да айтып өтті. Мәселен, Жамбылдағы бес нысан  «Юнесконың» халықаралық мәртебесіне ие болған. Ақтөбе-Баласұғын, Құлан, Өрнек, Қостөбе және Ақыртас қалашықтарына туристерді тарту үшін инвестиция көздерін табуды тапсырды. Айта кетейік, бүгінде Тараздың туризмі тұралап тұр. Оған себеп, осыған дейін облыста өткен түрлі халықаралық форумдарда шетелдік мамандар Тараздағы туризм саласы тетіктеріне төмен баға берген болатын. Өйткені, Әулиетаны әлемге әйгілейтін өңірдің өзіндік бренді жоқ деген еді.

 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Аймақ республикалық бюджетке айтарлықтай тәуелді болып отыр. Облыстағы орташа жалқының мөлшері елдегі ең төменгі көрсеткіштің бірі. Яғни, 112 мың теңге. Қазір еңбекке жарамды әрбір үшінші тұрғын өзін өзі қамтыған. Олардың табысы жоғары деп айту қиын. Сондықтан барлық жергілікті жердегі әкімдерге осы мәселені реттеуді ескертемін.  Жұмыс орындарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. Сондықтан, шағын және орта бизнес көзін көбейтуге әр аймақ үлесін қосу керек.

 

Дарина ІЛИЯС, “jambylmedia.kz”

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close