Басты бет

Облыс әкімі Т.Рысқұлов ауданындағы 150 га алма бағының жұмысымен танысты

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Т.Рысқұлов ауданындағы жұмыс сапары барысында «SV Агро» ЖШС-нің 150 га қарқынды алма бағының жұмысымен танысты. Бұл туралы “Spiker.kz”хабарлайды

Жоба құны 5,3 миллиард теңге болатын бақта алма және шие ағаштары өсірілуде. Көшеттер Польша, Ресей, Италия мемлекеттерінен әкелінген. Маусым кезінде мұнда 100-ден аса адам жұмыспен қамтылады.

Серіктестік жетекшісі Мейірлан Бейбітбекұлы шаруашылық жұмысын жандандыру үшін қосымша жер керектігін жеткізді.

Айта кетсек, ЖШС-ға 2017 жылы жеміс-жидек бағын өсіру мақсатында 1000 гектар жер “Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы” ҚР Президентінің 2016 жылғы №248 Жарлығының талаптары бұзыла отырып жеке меншік құқығымен берілген. ЖШС жердің 472 гектарын жеміс-жидек бағын егуге жарамсыздығына байланысты өз еркімен мемлекетке қайтарған. Ал қалған 528 гектарын толық игеріп отыр. Бүгінде шаруашылық басшысы қосымша 700 гектар жер беруді сұрап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close