Басты бет

2000 – ҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік қызметкерлері мен түрлі сала мамандары «Таза ауыл», «Жасыл ағаштар» акциясын ұйымдастырды. Іс — шара аясында екі мыңға жуық көшет отырғызылған.

Құлан ауылындағы спорт кешені ауласына 93 сәндік ағаш, 10 шырша егілсе, Қарақат ауылының жасыл белдеуіне 100 қаратал отырғызылды. Сонымен қатар, ауылдық округтерде 1600-ге жуық қара тал, 190 жеміс ағашы, 84 көпжылдық сәндік ағаш және 22 түп шырша ағашы егілген. Санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары өскелең ұрпақ пен ауыл тұрғындарын тазалыққа тәрбиелейді,-деген пікірде  ұйымдастырушылар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close