Басты бетБИЛІК ПЕН БИЗНЕСҚАРЖЫ СЕКТОРЫ

ЖАМБЫЛДАҒЫ ЖАРЫҚ ШАМДАРЫН ЖАСАЙТЫН КӘСІПОРЫН МЕМЛЕКЕТКЕ МИЛЛИОНДАП ҚАРЫЗ

«Тараз Энерджи» серіктестігі Жамбылдағы жарық шамдарын жасайтын жалғыз кәсіпорын. Ел нарығында 20 жылдан бері диотты шамдар шығарып, электромонтаждау жұмыстарымен айналысып келеді. Алайда, екі жыл бұрын ел қазынасына құятын қаржылары болмай, салыққа берешек болып қалады. Салдарынан, қордаланған қарызы сол күйі төленбей, өсімақы болса өсе береді. 200-ге жуық адам жұмыс істейтін кәсіпорын қаржылық қиындықтарға тап болған соң бар-жоғы 50 жұмысшымен қалады. Бұл қысқарту салықтарын төлей алмай, сарсаңға түскен серіктестікке тағы соққы болғаны белгілі. Ал, жаңа заңның арқасында 2-3 млн теңге шамасындағы берешегіміз кешірілетін болды деп қуанып отыр.

«Әр мәселемен уақытылы төленбеген салық мөлшерлемесі үстінен қосымша төлемді төлеуге көбісінің шамасы жетпейді. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің мекемеде де 2 млн теңгеден астам қосымша қарыз төлеміміз бар. Қазір сол негізгі салығымызды төлесек, сол қосымша өсімақысы алынып тасталады. Ол көп жеңілдік, көп кәсіпкерлерге жеңілдік болады деп ойлаймын. Негізі біздің төленбеген салығымыздың өсімақысы 2017 жылға жатады» дейді кәсіпорын Бас директорының орынбасары Рамазан Баязитов.

Айта кетейік, биылғы жылдан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізіледі. Шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалған «Салық рақымшылығы туралы» Заң былтыр 2018 жылдың 28 желтоқсанда қабылданған болатын. Мұны кәсіпкерлер үшін шарапаты мол шара десек, бұған акцизделетін тауар өндірушілері, мұнай саласындағы компаниялар мен жалған кәсіпорындар ғана ілікпейді.  Сандарды сөйлетсек, бұл бастамаға ел ішіндегі 90 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілі ілікпек.  Бүгінде салық төлемей жалтарып жүрген 60 мыңнан аса кәсіпкердің қарызы 155 млрд теңгеге жеткен.

«Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуді тапсырамын», – деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы Жолдауында айтқан болатын. Елбасының  экономикалық тергеу қызметін қайта енгізуді айтқанын ескерсек,
көлеңкелі экономикаға қарсы күрес күшеймек.
Президент бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін үкіметке 3 жылдың ішінде экономиканың көлеңкелі айналымын кем дегенде 40% -ға қысқарту бойынша тиімді шараларды қабылдау керектігін тапсырған еді.   

Руслан Ордабек

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close