Басты бетБИЛІК ПЕН БИЗНЕСЕЛ ІШІҚАРЖЫ СЕКТОРЫҮЛКЕН СҰРАҚ

Таразда нан бағасы тағы қымбаттамақ

Баға қайда барасың?

фото yandex.kz алынды

Таразда нан бағасы тағы 5-10 теңгеге қымбаттамақ.  Алдағы ақпан айында Әулиеата халқы әлеуметтік нан бағасын 70-75 теңгеден сатып алуы мүмкін.  Баға саясатына байланысты Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және  туризм бөлімінің басшысы дабыл қақты.    Жергілікті билік өкілінің айтуынша, нан бағасын ұстап тұру қиынға соғып отыр. Өйткені, нарықта бидайдың келісі 65-75 теңгеден, ұнның бағасы 80-85 теңгеден саудалануда.  Бұл қымбатшылық нан өндіретін нысандарға ақшалай ауыртпалық әкелген.  Сондықтан, олар бағаны көтеру мақсатында былтырдан бері  бастама көтеріп келеді.  Ал, атқамінерлер қазір қаладағы тұрақтандыру қорында бірінші сұрыпты 600 тоннаға жуық ұн бар екенін айтады.  Оны наубайқаналарға арзандатылған бағамен, яғни,  70 теңгеден беруге мәжбүр.  Өйткені, уақытша болса да бағаны осылай  ұстап тұра аламыз деп отыр.   Ал, қордағы ұн ақпан айы бастала сала бітуге жақын.  Бұйдасын үзгелі отырған баға саясатына байланысты Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және  туризм бөлімінің басшысы Самат Үрпековті сұхбатқа тарттық.

«Тамыз айынан бастап, бағаны ұстап отырмыз. Бірақ, қазір нарықта ұн мен бидайдың бағасының өсуіне байланысты бағаны көтеру мақсатында наубайханалар бізге шығып жатыр. 533 тоннна ұн біздегі тұрақты қорда бар етін, соңғы екі апта көлемінде 264 тоннасын бердік. Енді бұл ұн біткенше бағаны ұстап тұра аламыз. Енді нанның 5 теңгеге көтерілу мүмкін» деді бөлім басшысы.   

 

Айта кетейік, Таразда нан бағасы былтыр қараша айында ғана 10 теңгеге негізсіз қымбаттаған болатын. Бірақ, билік бағаны бір аптада реттейміз деп әрең дегенде  әлеуметтік нан бағасын бұрынғы қалпына келтірген еді. (65 vs 75) Енді арада екі ай өтер-өтпестен  «ас атасының» бағасы аспандауы бек мүмкін. Бүгінде қала халқын нанмен қамтамасыз  етіп отырған  8 наубайқана бар. Олар 400 мыңға жуық тұрғыны бар Тараз қаласы үшін тәулігіне  90 мың дана бөлке нан шығарады. Осы межене орындау үшін күніне 50 тоннаға жуық ұн жұмсалады.

 

Дарина Ілияс

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close