Басты бетЕЛ ІШІЗАҢ СӨЙЛЕСІН

СОТ ҮКІМІН ЕСТІГЕН ҚАРАҚШЫ АСЫЛЫП ҚАЛАТЫНЫН АЙТТЫ

Қордайдағы қарақшылар сотталды

Атышулы қордайлық қарақшыларға қатысты бүгін сот үкімі шықты. Айыпталушыларды сот залына арнайы жасақ кісенмен алып кірді. «Жаздың күні шілде болғанда» қоғамда үлкен резонанс тудырған іске қатысты 10 рет жабық сот отырысы болып, бірнеше куәгер тартылған.  Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің, 120-шы, 121-ші, 192 және 107-ші баптарымен яғни,  «өзгенің мүлкіне қол сұғу», «тонау» , «зорлық, зомбылық жасау арқылы күш көрсету»  қылмыстарын қарастыратын  айыптар тағылған.  Олар Қордайдағы бірнеше үйді тонап, 3 адамды зорлаған. Зәбір көргендер арасында кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз да бар.

 «Біреуі ғана кәмелетке толмаған, оны Омаров зорлаған. Зорлау жасағаннан кейін олар күні бойы жатып, демалып, арақ ішіп, түнде қарақшылыққа барыпты.  Шәмил Омаров 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Денис Куцевой 17 жылға, Марат Сәбитов 14 жылға бас бостандығынан айырылды» деді  үкімді оқыған Жамбыл облысы бойынша Қылмысық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азамат Тілепов. 

Еске салайық, былтыр тамыз айында Қордайда бірнеше баспанаға  қарақшылық шабуыл жасаған. Тіпті бұзақылар ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлімше етіп сабап кеткен. Ауыр жарақаттан 68 жастағы қария ауруханада көз жұмды. Осы оқиғадан соң, ауыл тұрғындары жаппай тәртіп сақшыларының жұмысына шағымданған еді.   Ал, үйлерді үптеп кетіп жүргендер тек 1 жарым айдан кейін ұсталды.   Айта кететіні, бұрын мұғалім болған 41 жастағы  Шәмил Омаров  бұған дейін де осындай әрекеттері үшін 8 жылға сотталған.  Сот оны 10 жыл педагогикалық қызметтерде істеу құқығынан да айырды.  35 жастағы Денис Куцевой да  бұрын 12 жылға сотталған болып шықты. Ол осы жолғы үкіміне келіспей, түрмеге түскен күні асылып қалатынын ашына айтты. Бұл екі азамат та Қордай ауданында туған. Ал, үшінші сотталушы  27 жастағы Қарағанды облысының тумасы Марат Сәбитов те  түрме көрген. Ұрлыққа жақын “үздік үшеу” ұсталмай жатып Алматыдағы көлік жөндейтін орталықтың бірінде бірге істеген екен.

Нұртас Несіпбай

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close