Басты бетБИЛІК ПЕН БИЗНЕСБЫЛАЙША АЙТҚАНДАЕЛ ІШІХАЛЫҚТАН ХАТ

БАЛАБАҚШАНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШУ ШЫҚТЫ

Күн жаумай су болу?..

Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы балабақшаның жабуылына байланысты шу шықты. Айрандай ұйыған ұжымы аяқасты қолға алынған қықсартуға қарсылықтарын білдіріп, оған мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлері де қосылды. Олардың айтуынша  мемлекет қарамағындағы бақшаның есігіне қара құлып салу –  өзге бір адамдардың мүддесі үшін көзделген көрінеді.    Яғни, бұл бастаманы жабылып жатқан бөбекжайдың қасына қоңсылай қонған  жеке балабақшаға «тамақ тауып беру»   әдісі деп түсінеді. Жергілікті әкімдік жапқалы жатқан бақшада 50 бала бар.   Өз шаруаларын алаңсыз атқарып келе жатқандарына 12 жыл болыпты. Көптің келіспейтіні мынау: арнайы мамандар апатты деп шешім шығармаса да  билік айтқан белсенділер қауіпті деп қара құлып салуға кіріскен. Әкімдіктің  әрекетін «күн жаумай су болу» деп қабылдаған тұрғындар аттандауға негіз жоқ деп налып отыр.

«Қауіпті болатындай, құлайтындай ештеңесі жоқ.  Тек бізді қуып жібермекші ғой. Ешкім біздің тағдырымызды ойлап жатқан жоқ. Біз жұмыссыз қаламыз»  деп тәрбиеші болып істейтін Балмиіз Жантақпаева жанайқайын жеткізді.  Ал, бақшаға баласын бағуға берген Бақтыгүл Тұрманбаева болса, «Жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттік мекеме аяқ астынан СЭС-тің талабына сай емес екен. Соншы жылдан бері келе жатқан балабақшаны жабуға қарсымын. Үйіміздің жанында. Ары-бері сандалып, жолақы жұмсамаймыз» деп қарсылық білдірді.     Нысанның жабуылына қатысты бірнеше мекемеден араша сұрап, ата-аналар да арызданыпты, алайда базынамызға бас ауыртқан  бір адам болмады дейді. Аудандағы атқамінерлер болса, бұл бастамадан  астар іздеп, артық ойға берілмеуді сұрап отыр. Өйткені, мекеменің материалдық мүмкіндігі мүшкіл, тіпті жоқ деседі.  Ал,  ғимараттың көнеріп кеткені сонша жабу туралы шешім шығаруға себеп болды деп отыр.

Т. Рысқұлов аудан әкімі білім бөлімінің басшысы Еркін Сейітжапаров «Бұл жерде 3 балабақша ашылғалы отыр. Солардың бастықтарымен сөйлесіп барлығын бөліп, жұмысқа қабылдаймыз деп кепілдік бере аламын.Ешкімді жұмыссыз қалдырмаймыз» деп уәде берді. Түсінгеніміз бақшаның есігі енді ашылмайтындай жабылатын түрі бар.   Оның үстіне жауаптылар  50 орындық балабақша толық күйінде жұмыс істемей тұрғанын тілге тиек етті. Өйткені,  өткен айдың басынан бері балалардың тең жартысы келмепті.   Оған себеп, балалар науқастанып қалғандықтан ата-аналары жібермепті-мыс.  Сондықтан,  жабылғалы жатқан балабақшаның өз-өзін ақтамайтындығын да айтып қалды. Шенеуніктер өз уәдесінде тұрса, нансыз қаламыз деп налыған қызметкерлер  жұмыспен қамтылады. Ал, ата-аналар қанша қарсы болғанымен қауіпті нысанның есігі қайта ашылмайтын түрі бар.

 

Дарина Ілияс

 

Тегтер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Close